ХҚК жұмысы туралы ақпарат

ХҚК жұмысы туралы ақпарат 04.05.2020         Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз еті жөніндегі штаб шешімімен 4 мамырдан бастап қалада 2 ХҚО қайтадан жұмыс істей бастайды. Ол Мангілік ел,30 мұнда тек заңды тұлғаларға қағаз жүзінде берілетін қызметтер көрсетіледі және авто ЦОН әзірше онда тек автосалоннан алынған көліктік тіркеледі.
        Алайда вирустың таралу қаупі мен қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығына алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды.
Өзгерістер ХҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін, оларды ұсыну форматын да қамтиды.
    - Енді қазақстандықтар ХҚО-да электронды форматта қолжетімсіз, тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтер мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін ала алады.
- ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.
       Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді.
Онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады, онда ХҚО операторлары кеңес беретін болады.
       Айта кету керек, карантин жарияланғалы бері қазақстандықтар egov.kz электронды үкімет порталы, телеграмдағы eGovKzBot2.0 боты және eGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы өз бетінше онлайн түрде 10.5 миллионнан астам мемлекеттік қызметті алған.
       Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады.  Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек