Сұрақ-жауап


ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА АСТАНАДА 378 АСТАМ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІК ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ БАР.

Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасының заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс мәселелері бойынша мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы барысында осы нысандардың қайсысы жекешелендіруге жататыны және қаншасы жалға немесе сенімгерлік меншікке берілетіні туралы айтылды.

Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Данияр Якупов айтып кеткендей осы жылы 12 коммуналдық меншік заңды тұлғалары жекешелендіруге жатады, оның 2 сатылып кеткен.

– Барлығы 2017 жыл ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінен коммуналдық меншікке бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау жоспарланып отыр. Олардың ішінде ағымдағы жылдың 6 айында коммуналдық меншікке жалпы сомасы 12,2 млрд теңгені құрайтын мүлік қабылданған. 2017 жылдың екінші жарты жылдығында жалпы сомасы 86,4 млрд теңгеге мүлік қабылдау жоспарланған деп айтып кетті.

Сонымен қатар, Якупов құрылыс нысандарын жобалау мен салу үшін жер телімдерін жалға алу құқығын сату бойынша конкурстар, аукциондар және сауда-саттықтар ұйымдастыру және өткізу жұмыстары туралы айтып кетті.

2017 жылғы 1 шілдеге дейін мемлекеттік емес ұйымдар мен жеке тұлғалардың нысандарын қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау бойынша сыйға тарту келісім-шарттары негізінде 28 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Басқарма деректеріне сәйкес бүгінгі таңда 1368 конкурс, 73 аукцион, 8138 баға ұсыну әдісімен мемлекеттік сатып алу, 22 764 бір көзден сатып алу өткізіліп, 35 236 келісім-шарт жасалған.

– Мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарына сәйкес 2017 жылғы 6 ай ішінде басқарма мемлекеттік сатып алу өткізіп, нәтижесі бойынша 23 келісім-шарт жасалған. Игеру 100% болды, - деп айтып кетті Данияр Якупов.

Жекешелендіру нысандарының құнының төмендеуі себептеріне келетін болсақ, үкімет қаулысымен аукцион үдерістері бекітілген.

Мемлекеттік мүлік порталының сауда-саттық жүргізілетін техникалық функционалы осы ережелерге сәйкес келеді және бағаның төменгі шегін белгілеу мүмкін емес.

Комиссияның жұмыс нәтижелері бойынша мәслихат депутаттары бюджеттік бағдарламалар, тауарлар және қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етуді ұсынды.


АБАТТАНДЫРУ

Правила благоустройства территории города Астаны

«Сарыарқа» ауданы аумағында 695 аула орналасқан. Ағымдағы жылы креативті жобаларды жүзеге асыру шеңберінде Н.Тілендиев даңғылы 36, Самал ы/а (1-10 үйлер), Сарыарқа 11 және 15 мекенжайлары бойынша кешенді абаттандыру жұмыстары аяқталған.

Республикасы даңғылы 21, Абай даңғылы 8, 21, Сарыарқа даңғылы 19, Сейфуллин к. 8, Ақсеңгір к. 5, Қамысты к., 49 мекенжайлары бойынша тұрғын үйлердің орамішілік аумақтарында ойынға арналған шағын сәулет мүсіндері орнатылған. Иманов к. 1 және Сейфуллин к. 8 мекенжайлары бойынша футбол алаңдарына күрделі жөндеу жүргізілген.

«Европейский» ТК спорттық жаттығу жабдықтарын орнату жұмыстары, шұңқырларды жөндеу және «жасанды бұдырларды» жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мердігерлік ұйым «Европейский» ТК аумағында орамішілік жарықтандыруды қайта қалпына келтірді. «Махаббат 1,2» ТК спорт жабдықтарын және балалар алаңын орнату жұмыстары жүргізілген.

Қазіргі кезде «Орамішілік аумақтар мен өтпе жолдарын жөндеу» бағдарламасы шеңберінде орам ішіндегі жолдарға жөндеу жүргізіліп жатыр. Орамішілік аулалар мен жолдар келесі мекенжайлар бойынша жөнделген: Республика д. 5, 7, 17, Абай д. 1, 3, 3/1, 5/1, 8, А. Мамбетов к. 8/4, Жеңіс д. 31/1, 35/1, 51/2, 51/3, М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайв ауданы, «Редиссон» қонақ үйі ауданы, С.Сейфуллин к. 12, 29, Кенесары к. 11, Шевченко к. 10, Сарыарқа д. 41, 42, 43, Кенесары к. 22, Шевченко к. 8, Шевченко к. 10/1, Бөгенбай батыр даңғылы 6/1, 6/2, 6/3, Желтоқсан к. 25, Жангельдин к. 6, Бейбітшілік к. 24, Біржан сал к. 2, Боталы к. 26, 26/1.

Жалпы алғанда 105 мекенжай бойынша орамішілік аулаларды ағымдағы жылдың соңына дейін жөндеу жоспарланған.


КӨГАЛДАНДЫРУ

«Сарыарқа» ауданында 30 000 астам ағаш, 12 000 астам бұталы қоршау, 700 000 м2 газон бар. Жалпы ауданы 178 000 м2 болатын 3 бақжол қолданылады. 2017 жылдың басынан бері – 3415 дана ағаш отырғызылған (Сарыбұлақ өзені жағасы, Тілендиев даңғылы, Қосшығұлұлы к., Сарыарқа д., Кубрин к., Республика д., Бейсеков к., мамандандырылған ХҚКО (Көктал -2 т.м.) т.б.).

Газондар төсеу мен шым салу аумағы – 500 м2.

Отырғызылған бір жылдық гүлді көшеттер - 19 295 м2, (петуния, тагеттиса, виола, цинеррарий т.б.)

«Рамстор» СҮ алдында 1 дана жаңа Альпі төбешігі орналастырылған, ауданда барлығы 7 Альпі төбешігі бар.

Орнатылған топиари мүсіндерінің саны – 7 дана, салт атты, велосипедші, пәуеске, құдық, куб.

Орнатылған жасыл декоративті мүсіндер саны - 7 дана: Аққулар, футбол добы, Қобыз, доп және бутсы, Табиғатты аялайық.

ОӘД, Бейбітшілік бульвары, Есіл өз. жағалауы алаңдарында жартасты аршасы бар 10 дана сәкілер орналастырылған.

«EХPO 2017» логотиптері бар 48 вазондар орналастырылған.

Республика, Сарыарқа және Абай даңғылдарында қоршауларға 498 дана аспалы вазондар қойылған.

Республика даңғылы, Сарыарқа даңғылы, Кенесары көшесінде 86 дана жасыл көшеттерге арналған гранит контейнерлер қойылып, 258 дана көгілдір шырша мен арша отырғызылған.

Күн сайын жасыл көшеттер күтімі бойынша жұмыстар жүргізіледі (ағаштарды кесу, бұталы қоршауларды қию, газондарды шабу, тыңайтқыштар енгізу, химиялық өңдеу, арам шөбін отау т.б.).

Бақжолдарды тазалау жұмыстарына күн сайын жаз мезгілінде 10 адам, 1 техника бірлігі, қыс мезгілінде – 30-70 адам, 12 техника бірлігіне дейін қатыстырылады.


ЖАРЫҚТАНДЫРУ

«Сарыарқа» ауданы бойынша «Астана Қалалық Жарық» ЖШС қызметінде бүгінгі күні 7149 бірл. көшені жарықтандырудың жарық нүктелері, 1674 бірл. саябақты жарықтандырудың жарық нүктелері, 578 бірл. аудан ішіндегі подъездерді жарықтандырудың жарық нүктелері және 115 бірл. аудан ішіндегі бекеттердегі жарық нүктелері бар. Күн сайын «Сарыарқа» ауданы бойынша ақаулар мен ескертулерді жою үшін кезекші электр монтер бригадалары шығады.


ТКШ (ПИК)

Закон Республики Казахстан О жилищных отношениях

Правила предоставления коммунальных услуг

«Сарыарқа» ауданы аумағында 1032 (көп пәтерлі – 973, барақ түрінде – 65) көп пәтерлі тұрғын үйлер (жалпы аумағы – 4 086 686,2 шаршы м., пәтерлер саны – 65) бар, 1191 (тұрғын қоры – 949) лифт қондырғылары жұмыс істейді.

Ауданда тұрғын үйлерге қызмет көрсету бойынша 139 қызмет көрсету ұйымдары (ПИК, ТК, ЖК, ЖШС және т.б.) жұмыс істейді. Орталықтан жылытуға 890 үй жалғанған, автономды сұйық және қатты отында – 25 және 117 көп пәтерлі үйлердің пешпен жылытылады.

«Көктал» ТА «Астанаэнергия» АҚ аудандық қазандыққа 10 тұрғын үй, №19 ОББМ және жетім балалар үйі жалғанған.

«Жылу» МКК қызмет көрсетілетін 10 қазандыққа 5 тұрғын үй, 6 мектеп (№ 19,20,40,41,61,68), 4 бала бақша(№ 13, 39, 55, 61), 1 колледж жалғанған.

Автономды қазандықтары бар тұрғын үйлер:

Анықтама бойынша: барлығы 5 автономды қазандық, 10 тұрғын үй.

Жылумен қамту:

Ауданда 209,7 км жылумен қамту желісі, 2 су соратын станциясы бар.
Орталықтан жылытуға 890 көп пәтерлі тұрғын үйлер жалғанған. Олардың ішінде 175 тұрғын үйде ЖРАЖ (жылуды реттеудің автоматты жүйесі) бар. 752 үйде ЖЕЖ жылуды есептеу жүйесі) бар.

Сумен қамту және су тарту:

Ауданда 338 км су тарту желісі, 3 үшінші көтермелі сорғыш станциялары (СТСС 7, «Көктал», «Автоматика»), биік тұрғын үйлердің 31 су тарту сорғыш станциялары бар. Сонымен қатар 223 км су тарту желілері, 46 КСС бар.

Электрмен қамту:

Қазіргі кезде аудан аумағында 171 км 0,4 кВ кернеу желісі және 171,1 км 10 кВ кернеу желісі, 23 тарату бекеттері (ТБ), 226 трансформаторлық шағын станциялары (ТШ) және 96 КТШ бар. Сонымен қатар Сарыарқа АЭЖ балансында релелік қорғаныс құрылғылары және автоматика, электр өлшеу аспаптары, диспетчерлік-технологиялық басқару құралдары, телемеханика және байланыс құралдары бар.

Газбен қамту:

Ауданда газбен 520 үйді қамтамасыз ететін 160 газ тарату қондырғылары жұмыс істейді. Берілген үйлерге «АстанаГазҚызмет» ЖШС қызмет көрсетеді, газгольдерлерін толтыруды «Орталық газбен қамтамасыз ету» ЖШС орындайды.

ЭЧ-8 желілері:

«ҚТЖ ҰК» АҚ Астаналық электрмен қамту дистанциясы» төмендегі ұзындық бойынша электр кабель желілеріне қызмет көрсетеді:

Саны:

Лифт шаруашылығы:

Жаңа көп қабатты тұрғын үй кешендерін пайдалануға бергеннен бастап, лифт қондырғыларының саны артып келеді. Аудан аумағында бүгінгі күні 41 лифтті орнату ұйымдары жұмыс істейді, олар 1191 лифт қондырғыларына (тұрғын қоры - 949) қызмет көрсетеді.

Аншлагтарды орнату:

Қазіргі кезде «АПК Новый век» ЖШС мердігерлік ұйымның күшімен QR кодтары және жарықтандыруы бар сомасы 29,7 млн тг 790 бірл. аншлагтарды келесі мекенжайлар бойынша орнату жұмыстары жүргзілуде:

Қазіргі кезде жарықтандыруға жалғану жұмыстары жүргізілуде.
Аншлагтардың жалпы саны – жарығы бар– 787 дана, жарығы жоқ – 3 дана.

Қасбеттерді жөндеу:

«Сарыарқа» ауданы аумағында жалпы сомасы 29,6 млн тг 34 көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне жөндеу жүргізілді.

ТКШ жаңғырту бағдарламасы:

ТКШ жаңғырту бағдарламасын іске асыруды бастаумен әрдайым аудан тұрғындарымен берілген Бағдарламаны іске асыру жағдайларын түсіндіру бойынша жиындар өткізіліп отырады.

2011-2012 жылдар аралығында аудан бойынша жалпы сомасы 177,1 млн тг келесі мекенжай бойынша 8 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді:
- күрделі жөндеу – 5 үй (Жеңіс даңғ., 18/1, 20, Молдағұлова к., 37/1, Московская к., 4, Потанин к., 12/2);
- ағымдағы жөндеу – 2 үй (С. Сейфуллин к., 10, Желтоқсан к., 27);
- лифтті ауыстыру – 1 үй (1 лифт) (Бөкейхан к., 12).

2014 жылы аудан бойынша жалпы сомасы 343,7 млн тг келесі мекенжай бойынша 18 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді:
- күрделі жөндеу – 8 үй ( С. Сейфуллин к., 13/1, 22, Бейбітшілік, 77а, Потанин, 14/1, Жангельдин, 10, Жеңіс даңғ., 17, 71, Абай, 35);
- ағымдағы жөндеу – 4 үй (С. Сейфуллин к., 14/3, Желтоқсан, 27/1, Бигельдинов, 11, Талапкер тұйық к., 5);
- лифтті ауыстыру – 6 үй (11 лифт)(Бөгенбай батыр даңғ., 21 (1 лифт), 21а (1 лифт), 63 (3 лифт), Сарыарқа даңғ., 16 (2 лифт), Абай даңғ., 5 (1 лифт), Бигельдинов к., 5 (3 лифт).

2015 жылы берілген Бағдарлама аясында жалпы сомасы 157,7 млн тг 7 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді:
- күрделі жөндеу – 3 үй (Жангельдин к., 1а, С. Сейфуллин, 11, Бөкейхан, 30);
- инженерлік желілерді жөндеу– 1 үй (Омаров к., 64);
- шатырды және қасбетті жөндеу – 2 үй (Қарасай батыр к., 22/1, Есенберлин к., 16);
- лифтті ауыстыру – 2 үй (Абай даңғ., 5 (2 лифт), Жеңіс даңғ., 45 (1 лифт).

2016 жылы берілген Бағдарлама аясында жалпы сомасы 153,7 млн тг 5 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді:
- Жеңіс даңғ., 18 бойынша тұрғын үйдің конструкциясын күшейтумен күрделі жөндеу;
- Абай даңғ., 3 бойынша тұрғын үйдің шатырын жөндеу және АКК орнату;
- Бөгенбай батыр к., 43/1 бойынша үй ішіндегі электр желілерін ауыстыру және шатырларын жөндеу;
- Қарталы к., 3/1 бойынша шатырларын жөндеу;
- лифтті ауыстыру – 1 үй (Әуезов к.,, 22 (3 лифт)).

Ағымдағы жылы Республика даңғ., 37 бойынша лифтті ауыстыру, сонымен қатар қаржыландыру жағдайында келесі мекенжайлар бойынша 5 үйде 19 лифт қондырғыларын ауыстыру жоспарланады: Бөгенбай батыр даңғ., 28 (2 лифт), 36а (1 лифт), Абай даңғ., 1 (6 лифт), Күмісбеков, 6 (7 лифт), Сейфуллин к., 11 (3 лифт).

Берілген Бағдарламаны іске асыруды бастағаннан бастап барлығы ауданда жалпы сомасы 857,2 млн тг 40 үй (оның ішінде 20 лифт) жөнделді:
- күрделі жөндеу – 17 үй;
- ағымдағы жөндеу – 12 үй;
- лифтті ауыстыру – 11 үй(20 лифт);

Берілген бағытта жұмыстар жалғасуда.

Апатты ескірген үйлер:

Астана қ. апатты үйлерді құлату бойынша сынамалы жобасына сәйкес «Нұрлы жер» Бағдарламасын іске асыру аясында 2013-2017 жылдар кезеңінде (2013 ж. – 4 үй; 2014 ж. – 19 үй; 2015 ж. – 11 үй; 2016 ж. – 33 үй; 2017 ж. – 70 үй) жалпы ауданы 93 951,3 шаршы м (2 163 пәтер) 137 апатты ескірген үйлерді құлату жоспарланған.

2013-2016 жылдар кезеңінде құлатуға жоспарланған жалпы ауданы 36 953,8 шаршы м. (784 пәтер) 67 апатты тұрғын үйлердің бүгінгі күні барлығы құлатылған, және тұрғындары С-409 қиылысы 19/1 ү., Қобыланды батыр-Бурабай, Ш.Айтматов 29а, Е-16, 4,6 ү. орналасқан тұрғын үй кешендеріне көшірілді.

2017 жылы құлатуға жоспарланған жалпы ауданы 56 997,5 шаршы м. (1379 пәтер) 70 апатты тұрғын үйлердің бүгінгі күні 17 үйі құлатылған, 6 үй құлатылып жатыр, 31 үй тұрғындарын Е-16 к. (Сығанақ – Бейсеков к. аймағында) орналасқан тұрғын үй кешенінен көшірілді, қалған 16 үйді құлату 2017 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланды.

Сынамалы жобаның басынан бастап 2013-2017 жылдар кезеңінде барлығы 90 апатты үй (1443 пәтер) құлатылды және әлі де құлату жүргізіліп жатыр.

Кондоминиумді тіркеу:

Ауданда 1032 үйдің ішінен 753 үйде, 187 апатты ескірген үйде, барақ тәрізді үйде 74, ведомстволық үйде – 4, пайдалануға берілмеген 8 үйде кондоминиум тіркелген.

Берілген жұмыстың басынан бастап кондоминиум тіркелмеген 329 үйдің ішінен бүгінгі күні 310 тұрғын үйде кондоминиум тіркелген, қалған 18 үй ағымдағы жылдың соңына дейін тіркеуді жоспарлайды.

Берілген бағытта жұмыс жалғасуда.

Бейне бақылау камераларын орнату:

Аудандағы криминологиялық жағдайда жақсарту үшін, сонымен қатар аула алаңының санитарлы жағдайын тұрақты бақылаумен қамтамасыз ету үшін аудандағы тұрғын қорының қызмет көрсететін ұйымдарының басшыларымен бірігіп көп қабатты тұрғын үйлердің периметрі бойынша аула алаңдарын және автомобиль тұрақтарын қамтумен бейне бақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні «Сарыарқа» ауданы бойынша 247 тұрғын үйлерде (104 қызм. көрс. ұйымдары) 2865 бейне бақылау камералары, оның ішінде аса криминологиялық жерлерде орналасқан тұрғын үйлерде де орнатылған:
- ТЖ вокзалы мен автовокзал аймағы: барлығы 106 үй, олардың ішінде 14 үйде 77 бейне бақылау камералары бар;
- «Арман» дүкенінің аймағы: барлығы 56 үй, олардың ішінде 4 үйде 86 бейне бақылау камералары бар;
- «Махаббат 1,2» ТК: 18 камера бар;
- «Лея» ТК: 38 камера бар.

Берілген бағытта жұмыс жалғасуда.


САНИТАРИЯ

Аудан аумағында аудан ішілік тазалауды 12 мердігерлік ұйымдары атқарады:

  1. «Амир Кызмет» ЖШС;
  2. «Көктем НС» ЖШС;
  3. «Мысыкова» ЖК;
  4. «СК Бип-Астана» ЖШС;
  5. «Ясар Group» ЖШС;
  6. «АЛИ-КХ» ЖШС;
  7. «Дафсан» ЖШС;
  8. «Жолқұрылыс НС» ЖШС;
  9. «Дос-Астана-S» ЖШС;
  10. «Блоксервис Азия ПК» ЖШС
  11. «Нуржумин Е.К.» ЖК;
  12. «Доstar Stroi Group» ЖШС.

Аудан ішілік аумақтың жалпы ауданы 15 205, 9 мың шаршы м. астам құрайды. Техниканың жалпы саны – 57 дана, оның ішінде: жүк техникасы -31 бірл., тиеу техникасы -18 бірл., трактор-шөтке -8 бірл., жұмыскерлер- 232 адам.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2017 жылдың 19 қыркүйегіне дейінгі кезеңде барлығы мердігерлік ұйымдармен қоқысты көмудің қалалық полигонынан 22970 тоннадан артық қоқыс шығарылды.

«Сарыарқа» ауданы аумағында тұрақты негізде мердігерлік ұйымдармен көшелердің механикалық және қолмен жинау жүзеге асырылады.

Барлығы механикалық жинауды 4 мердігерлік ұйым жүзеге асырады, жиналатын аудан жол төсемінің 3 095 822 шаршы м. құрайды, көшелер саны -– 229, маршруттар ұзындығы – 600 186 м., маршруттар саны – 14.
Жазғы кезеңде жол төсемін суару, сыпыру, жол төсемінің жиегін арнайы техникамен (шаңсорғышпен) жинау жұмыстары орындалады. Қысқы кезеңде сыпыру, сонымен қатар жол төсемін қар үймелерін жинау, мұзтайғаққа қарсы реагенттермен өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Қолмен жинауды 11 мердігерлік ұйым жүзеге асырады. Жаяужол бөлігінен үйінді қоқыстарды жинау, сонымен қатар төсем жолының жиектерін тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі, бір ауысымда 200 астам жол жұмыскерлері, 15 бірл. жүкті өзі түсіретін машина, 10 тиегіш, 5 бірл. сыпыру техникасы жұмыс істейді.