Сіздерге келген қонақ үйіңізде аз ғана болса да, уақытты жақсы өткізсеңіз, олар кеткенде жабырқап, сағынып қаласыз ба?

18.07.2018

Сіздерге келген қонақ үйіңізде аз ғана болса да, уақытты жақсы өткізсеңіз, олар кеткенде жабырқап, сағынып қаласыз ба? Немесе көптен күткен фильм не сериалыңыз бітіп қалғанда қандай сезімде боласыз? Қазір футболды жақсы көретіндер мені жақсы түсінетін шығар деп ойлаймын. Бір ай бойына әрбір матчты асыға күтіп көрдік. Чемпионат барлық сенімді ақтады, бәрі өз деңгейінде болды. Ресейдің 11 қаласында өткен чемпионаттың матчтарын 3 миллион көрермен тамашалады. Ал кейбір командалардың ойындары бүкіл әлемге керемет жаңалық болды. Бәріміз шынайы жанкүйерлік таныттық, өйткені ер адамның табиғаты футбол дегенде ең мықты сезімдерін шығара алады⚽ Бұлай деп жазған себебім, кеш түскенде енді күнде күтетін футболымның болмайтынын ойлап, көңілім аздап жабырқауда) "Әлем Чемпионаты - 2018" атты тамаша мерекенің ұйымдастырушыларына рақмет!!! Барлығы өте керемет болды!



Новости 1 - 20 из 357
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец