«Сарыарқа» ауданынан шақырылған сарбаздар Әскери ант қабылдады

«Сарыарқа» ауданынан шақырылған сарбаздар Әскери ант қабылдады 11.12.2019 «Сарыарқа» ауданының әскерге шақыру комиссиясы құрамы аудан көлемінде жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі мен күзгі мерзімді әскери қызметке шақырырылған Елордалық жастардың қызметтерінің барысы мен әскери өмірінің тыныс-тіршілігіне де көңіл бөлуде.
⠀⠀⠀
Желтоқсан айы – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне күзде шақырылған жастардың барлық әскери бөлімдерде Әскери ант қабылдау салтанатты рәсімімен басталды.
⠀⠀⠀
Еліміздің барлық өңірлерінен шақырылған 4000-нан астам мерзімді әскери қызметтің сарбаздары туысқандары, командирлері мен қызметтестері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлерінің көзінше Отанға адал болуға ант етті. Олардың арасында 130-дан аса «Сарыарқа» ауданынан шақырылған жастарымыз да бар.
⠀⠀⠀
Әскери ант - жауынгерлердін Отанына, халкына, еліне өзінің әскери борышына адалдығын білдіретін серті. Әрбір жауынгер қарулы күштердің қатарына кіргенде әскери ант береді және ең жоғары және ардақты міндеттеме алады.
⠀⠀⠀
Ант қабылдағаннан кейін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ата-аналары әскери бөлімнің аумағын аралап, әскери асханаларда, әскери бөлімдердің аумағында болды, плацты, спорттық қалашықтарды, клубтарды, сыныптар мен өзге де объектілерді аралап шықты.
⠀⠀⠀
Іс-шаралар концерттік бағдарламамен аяқталды.
Әскери ант қабылдау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық Әскери-патриоттық орталықта да жүрігізілді. Елордалық Десанттық-шабуылдаушы бригаданың 100-ден астам сарбазы еліне адал болуға серт етті.
⠀⠀⠀
Фотолар Думан Құрманғалиевтікі


25.02.2020
ANTIKOR ORTALYGY