Ұлттық Ұлан әскери бөлімінде «Ашық есіктер күнін» өткізілді. «Сарыарқа» ауданы әскерге шақыру комиссиясы Елордалық жастарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы қатарына жөнелтті

Ұлттық Ұлан әскери бөлімінде «Ашық есіктер күнін» өткізілді. «Сарыарқа» ауданы әскерге шақыру комиссиясы Елордалық жастарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы қатарына жөнелтті 20.12.2019

Ұлттық Ұлан әскери бөлімінде «Ашық есіктер күнін» өткізілді.

«Сарыарқа» ауданы әскерге шақыру комиссиясы Елордалық жастарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы қатарына жөнелтті

 

Өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатымен және республикалық «Ел Тірегі – 2019» акциясы аясында Елордамыздағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 5573 әскери бөлімінде мектеп оқушыларының – Балалар мен жасөспірімдердің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерінің қатысуымен қаламыздың 35 жігіті мерзімді әскери қызметке аттанды. Олар өз қызметтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының Тараз қаласында орналасқан әскери бөлімінде атқаратын болады.

Мерекелік ісшараға келген мектеп оқушылары әскери техниканың түрлерімен танысып, қару-жарақтар мен әскери киім үлгілерінінен тұратын көрмені аралады. Жастар мерзімді әскери қызмет сарбаздарының қызмет атқаруы және тұрмысы туралы көптеген мәліметтерге қанықты.

Әсіресе бөлімнің кинология орталығындағы қызметтік иттердің өнері келушілерді таң қалдырды.

Әскери бөлімнің мәдени-демалыс орталығында Ұлттық Ұланның қызметі туралы фильмдер көрсетілді.

Әскерге шақырушыларды шығарып салу бойынша өткізілген салтанатты жиналыста Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің көмекшісі М.Капаров, бөлім командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары Е. Ықыласов, ауған соғысының ардагерлері болашақ сарбаздарға сәт сапар тілеп, әскери қызметті абыроймен орындауды тапсырды. Салтанатты жиналыс сарбаздардың ұйымдастырған көңілді де тартымды концертін тамашалаумен аяқталды.

Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің штаб бастығы подполковник А.Сагынбеков жастарды:

«Құрметті шақырылушылар! Сіздер аса жауапты қызметке бара жатырсыздар. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Жеке бастың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамассыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де қол сұғушылықтардан қорғауға арналған. Сіздерге еліміз сенім артып отыр! Қызметтеріңізді үздік атқарып, Әскери анттарыңызға адал болыңыздар! Жолдарыңыз болсын!» - деп шығарып салды.