Елордада запастағы әскери міндеттілермен әскери жиын өткізілуде

Қарашаның 4 мен 13 аралығында әскери міндеттілер далалық дайындық пен қимыл үйлестіру даярлығын шыңдайды. Дәрістер келесі әскери пәндер бойынша: жалпы әскери жарғылар, тактикалық дайындық, әскери топография, инженерлік дайындық, радиациялық, химиялық және биологиялық қарудан қорғану дайындығы және оқ атуға машықтануы бойынша өткізіледі.
Аумақтық қорғаныс бригадасының негізгі міндеті – қаланың маңызды стратегиялық нысандарын күзету және қорғау, ерекше кезеңінде әскери жағдайды қамтамассыз етіп отыру.
