Елордада запастағы офицерлердің оқу-жаттығу жиындары өтті

Елордада запастағы  офицерлердің оқу-жаттығу жиындары өтті 24.10.2019 Елордада запастағы
офицерлердің оқу-жаттығу жиындары өтті

Нұр-Сұлтан қаласының әскери мекемелері мен бөлімдерінде запастағы офицерлермен оқу-жаттығу жиындарын өткізілді. Жиындар қыркүйекте басталып қазан айында аяқталды. Жиыннан өтуге 40 жасқа дейінгі, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды, запастағы 87 офицерлер шақырылды.
Солардың ішінде Сарыарқа ауданының әскери міндеттілері де білімдерін шыңдады.

Жиындар жұмылдыру ресурстарын қайта даярлау, далалық машықтану дағдысын және іс-қимылдар үйлесімдігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Жиындардың барысында қатысушылардың жауынгерлік үйлесімділік іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.
Әскери жиындар өткізілуі армияның жауынгерлік даярлығын жоғары деңгейде ұстау үшін қажет. Сонымен бірге әскери қызметшілер өздерінің теориялық және практикалық білімдері мен біліктілігін шыңдады.
Бұл Қарулы Күштердегі қару-жарақтар мен әскери техниканың үнемі жаңартылып отыруына байыланысты туындайтын өзекті мәселе.
Әскери оқу-жаттығу жиындарын өту кезінде ҚР заңнамасына сәйкес жиынға қатысушылардың жұмыс орыны сақталып, Қорғаныс министрлігімен қарастырылған орташа еңбек ақысы төленді.
Әскери оқу жиындарын өту кезінде әскери міндеттілер жалпы әскери нормалалар бойынша мерзімге  сәйкес далалық әскери киіммен, азық-түлікпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етілді.
Үздік көрсеткіштер көрсеткен офицерлер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының марапат қағазымен наградталды.
Сонымен бірге, әскери оқу жиындарының бағдарламасын сәтті меңгерген запастағы офицерлерге кезекті әскери әскери атақтары беріледі.
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы майор Молдабеков Асылхан Мұхамбетқалиұлы запастағы офицерлерді әскери жиындардың аяқталуымен құттықтады:
- Біздерге ұлы міндет – біздің басты құндылықтарымызды – Тәуелсіздігімізді, Бейбітшілігімізді және Тұрақтылығымызды мәңгі қорғау тапсырмасы қойылған. Әрбір қазақстандықтың міндеті – осы құндылықтарды қорғау болып табылады.
Қарулы Күштердегі қару-жарақтар мен әскери техника үнемі жаңартылуда. Әскери іс пен ғылым даму және кемелденуде! Біз де уақыт талабына сай болуымыз қажет!
Халқымыз сіздердің ұлы міндетеріңіз – Қазақстанның тәуесіздігі мен еліміздің тыныштығын қорғауға әрқашан дайын екендіктеріңізге сенімді!
Отан қорғаушылар абыройлы атағына әрқашанда ылайықты болыңыздар!
Қызметтеріңізге рахмет!