Су деңгейінің көтерілу қаупі жоғары жеке сектор көшелерінен қарды шығару жұмысы белгіленген мерзімнен ертерек басталды

Су деңгейінің көтерілу қаупі жоғары жеке сектор көшелерінен қарды шығару жұмысы белгіленген мерзімнен ертерек басталды 04.01.2019

Су деңгейінің көтерілу қаупі жоғары жеке сектор көшелерінен қарды шығару жұмысы белгіленген мерзімнен ертерек басталды.
Арнайы жоспар әзірленді және онда тұрғындардың барлық ұсыныстары қамтылды. Сондықтан оны нәтижелі жүзеге асырған жағдайда су тасқыны кезеңінде қауіптің алдын алуға болады. Сонымен қатар бірінші маңызды тармақта жеке сектордың аумағынан қарды шығару жұмысын сапалы жүргізу жазылған. Аудандағы жер асты суларына, батпаққа жақын орналасқан жерлердің қар еріген кезде суға кету деңгейі жоғарылайтыны барлығымызға белгілі. Ауданның коммуналдық қызметтері су тасқынына қарсы қажетті іс-шараларды орындау жұмыстарын белсене жүргізуде. Осы ретте заңнамаға сәйкес тұрғын үй иелеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін еске салғымыз келеді. Аулалардың, үйлер мен бау-бақшалардың су басуын болдырмау үшін үй иелеріне өз учаскелеріндегі еріген суды кедергісіз өткізу бойынша жұмыстарды өз бетінше жүргізуды ұсынамыз. Қуанышқа орай, біздің тұрғындар өз аулаларындағы қарды шығаруды бастап кетті.  Бұл өте маңызды!!! Аулаңыздағы қарды шығарыңыз!!! Егер жаныңызда денсаулығына байланысты немесе жалғыз тұратын, не басқа да себептермен өздері ауласындағы қарды тазалай алмайтын көршілеріңіз болса, бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Біз еріктілермен және Нұр Отан партиясының жастар қанатымен бірге ондай адамдарға көмектесеміз.



Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец