>Сарыарқа ауданы әкімдігінің қызметкерлері апта сайын сенбі күні жүргізілетін ауданды аралап шығу барысында қаламыздың орталық көшелерінің бірі - Республика даңғылымен жүріп өтті

>Сарыарқа ауданы әкімдігінің қызметкерлері апта сайын сенбі күні жүргізілетін ауданды аралап шығу барысында қаламыздың орталық көшелерінің бірі - Республика даңғылымен жүріп өтті 15.04.2019

Сарыарқа ауданы әкімдігінің қызметкерлері апта сайын сенбі күні жүргізілетін ауданды аралап шығу барысында қаламыздың орталық көшелерінің бірі - Республика даңғылымен жүріп өтті.
⠀⠀⠀
Барлығымызға сүйікті даңғыл Ж. Тәшенов көшесінен басталып, Жәнібек Тархан, А. Иманов, Кенесары, Отырар, С. Сейфуллин, А. Жангелдин, Ы. Дүкенұлы, Ә. Молдағұлова көшелерімен, Абай және Бөгенбай батыр даңғылдарымен қиылысады.
⠀⠀⠀
Ұзындығы - 4159 метр. 1979 жылдан бастап Целинников даңғылы деп аталды. 1997 жылы Республика даңғылы болып өзгертілді. 2007 жылғы желтоқсанда Пушкин көшесі (Гете көшесінен Сейфуллин көшесіне дейін) қосылып, даңғыл ұзартылды.
⠀⠀⠀
Ауданды аралауға бізбен бірге үнемі белсенді тұрғындар қатысып, өзекті мәселелерді көрсетумен қатар, өз идеялары мен шешімдерін ұсынып отырады.
⠀⠀⠀
Сіз де әр сенбі сайын бізбен бірге ауданды аралай аласыз немесе барып көру қажет деген мекенжайларды 87782303363 нөміріне жазуға болады.



Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец