Әрбір адам экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қоса алады! ⠀⠀⠀

Әрбір адам экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қоса алады! ⠀⠀⠀ 14.04.2019

Әрбір адам экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қоса алады!
⠀⠀⠀
Ол үшін бізбен бірге плоггингке (plogging) шықсаңыз болады
⠀⠀⠀
Плоггинг аудан тұрғындары үшін игі дәстүрге айналып келеді.
⠀⠀⠀
Бүгін қаланы тазалауға ниет білдіргендер қолдарына пакет алып, қоқыс жинауға шықты.
⠀⠀⠀
Біздің бүгінгі жолымыз Тілендиев даңғылынан басталып, Сарыбұлақ өзені бойымен теміржол вокзалына қарай бағытталды.
⠀⠀⠀
Қатысушылар сенбілікпен ұштасқан жүгіру түріндегі салауатты өмір салты өздеріне ұнағанын жеткізді.
⠀⠀⠀
60 адам экологиялық шараға қатысты. Нәтижесінде 8,6 тонна қоқыс жиналды.
⠀⠀⠀
Аталған акция әр жексенбі сайын өтетінін еске саламыз!
⠀⠀⠀
Жаңалықтарды өткізіп алмаңыз!




Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец