Барлық баннерлер, билбордтар мен маңдайшадағы жазулар заң шеңберінде орнатылуы тиіс

Барлық баннерлер, билбордтар мен маңдайшадағы жазулар заң шеңберінде орнатылуы тиіс 07.11.2018

Барлық баннерлер, билбордтар мен маңдайшадағы жазулар заң шеңберінде орнатылуы тиіс. Бірақ олардың кейбіреулерін иелері өз еріктерінше орнатып қойғандықтан, ауданымыздың сырт бейнесін бүлдіріп, кей кездері көлік жүргізушілеріне кедергі келтіреді.Қатты жел болғанда бұндай үлкен конструкциялар адамдар мен ғимараттарға қауіп төндіруі мүмкін. Бүгін "Сарыарқа" ауданы ІІБ ЖПҚ ЖПП инспекторымен бірлесіп, заңсыз жарнамалық құрылымдарға демонтаждау жүргізіліп, абаттандыру қағидаларын сақтау бойынша тұрғындармен профилактикалық әңгімелесу өткізілді. Оны бұзғандарға ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Осы ретте еске сала кетсек, 2018 жылдың басынан бастап аудан аумағында заңсыз орнатылған 318 жарнамаға демонтаж жасалды.



Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец