"Сарыарқа" ауданының коммуналдық қызметтері тиесілі аумаққа тазалау жұмыстарын жүргізеді

 "Сарыарқа" ауданының коммуналдық қызметтері тиесілі аумаққа тазалау жұмыстарын жүргізеді 27.02.2019

Баршаңызды Халықаралық оптимист күнімен құттықтаймыз! Айналадағының барлығын "сұр түспен" қабылдап үйренгендерге айтарымыз - осы мереке күні "бұлт арасынан күн сәулесін көруге" тырысып, әлемге жаңа көзбен қарап көріңіздер. Бұл күнді жүзіңіз күлімдеп өткізіңіз, жаңа күнге қуаныңыз, тек жақсы нәрселерді байқауды әдет етіңіз. Осындай кеңестерді біздің мердігерлік ұйымдар да ұстанып, "Сарыарқа" ауданында 565 жол жұмысшысы көтеріңкі көңіл-күймен жолдағы қарларды тазалап шықты. Сонымен қатар жұмысқа 234 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды:
МТЗ - 26 бірлік
Фронт жүк тиегіш - 49 бірлік
Самосвал - 87 бірлік
Уыстап қар тиегіш - 7 бірлік
Сыпыру-жинау машинасы - 26 бірлік
Құм шашатын машина - 14 бірлік
Автогрейдер - 10 бірлік МКСМ - 12 бірлік
Барлық тұрғындарға сәтті күн және оптимистік көңіл-күй тілейміз




Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец