Құрметті тұрғындар, белгілер мен ескерту көрсеткіштеріне назар аударыңыздар!!!

19.07.2018

Суға түсу маусымы басталғаннан "Пригородный" тұрғын үй алабының өзінде 8 адам суға батып кетті, оның 7-еуі кәмелетке толмаған балалар. Біз тек қана рұқсат етілген жерлерде суға түсуді және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ұсынамыз. Осыған байланысты, "Сарыарқа" ауданының әкімдігі қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін "Суға түсуге тыйым салынады" жазбасы бар ескерту белгілерін қосымша орнатты. Тақтайшалар Көктал-1 аумағында қарттар үйінің артына қойылды. Құрметті тұрғындар, белгілер мен ескерту көрсеткіштеріне назар аударыңыздар!!!



Новости 1 - 20 из 357
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец