Жаңа жұмыс аптасы аудан халқына есеп беру кездесулерімен жалғасты

Жаңа жұмыс аптасы аудан халқына есеп беру кездесулерімен жалғасты 28.01.2019

Жаңа жұмыс аптасы аудан халқына есеп беру кездесулерімен жалғасты. Бүгін елорданың жетекші мектептерінің бірі №60 мектеп-лицейде кездесу өтті. 10 жыл бұрын оны еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі келіп ашқан болатын. Қазір бұл мектеп қаламыздағы ең ірі мектеп саналады және онда филиалымен бірге есептегенде 4200 бала оқиды Өткен жылды қорытындылап, осы жылы алға қойған міндеттерді тұрғындармен талқыладым. Бүгін айтылған барлық сұрақтар мен ұсыныстар ауданның 2019 жылға дейінгі даму жоспарында ашып көрсетіледі. Кездесуге ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің инспекторы Askar Gazaliyev және қалалық мәслихаттың депутаты Мәжит Шайдаров қатысты.
Ертең сіздепді кезекті рет өтетін кездесуде күтемін. Ол С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық унивеститетте өтеді. Биыл есеп беру кездесулері аясында бірінші рет әлеуметтік желілердегі біздің оқырмандарымызбен кездесеміз. Барлығыңызды күтемін!!!

Арман Тұрлыбек, Сарыарқа ауданының әкімі





Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец