"Сарыарқа" ауданының әкімі А.А. Тұрлыбектің халыққа есеп беру баяндамасы

"Сарыарқа" ауданының әкімі А.А. Тұрлыбектің халыққа есеп беру баяндамасы 15.01.2019

2018 жыл ішінде «Сарыарқа» ауданын әлеуметтік-экономикалық дамыту қорытындылары және

2019 жылға арналған жоспарлар туралы

ЕСЕП  

 

 

2018 жыл ішінде ауданда үлкен жұмыстар атқарылды. Өткен жылы барлық бағыттар бойынша ауданды дамыту қорытындысы оң өзгерістерге толы болды, бұл әлеуметтік-экономикалық саланың сенімді қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетеді және одан әрі өсу үшін мүмкіндік пен күш-қуат бар деп сеніммен айта аламыз.

Аудан халқының саны 2018 жылғы 1 желтоқсанда 324 961 адамды құрады. Уақытша тіркелгендер саны - 40 591 адам. Нәтижесінде «Сарыарқа» ауданында 365 552 адам тұрады.

Мемлекеттік бюджетке барлығы 193,1 млрд. теңге келіп түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке - 52,4 млрд. теңге, республикалық бюджетке - 140,7 млрд. теңге. Жоспарлар бюджеттің барлық түрлері бойынша орындалды. Өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімнің 4,1 %-ға өсуі байқалады.

2018 жылы ауданда негізгі капиталға салынған инвестицияның рекордтық деңгейіне қол жеткізіліп, 140,3 млрд. теңгені құрады, ол жоспарлы көрсеткіште 130,1 млрд.теңге болатын. Инвестиция көлемі бойынша ауданның қаладағы үлесі 16,2 %-ды құрады. Инвестиция көлемінің өсуі «Астық Транс» АҚ, «Экотон+» АҚ және т.б. секілді ірі ұйымдар есебінен қамтамасыз етілді.

Өнеркәсіп өнімдерін (тауарлар, қызметтер) өндіру көлемі 65,1 млрд. теңгені құрады, жалпы алғанда елорданың өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемінің (азық-түлік өнімдері, киім, қағаз, өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру) 10,8%-ы өндірілді.

Аудан бюджеті

«Сарыарқа» ауданының бюджеті 2018 жылы 13,4 млрд. теңгені (2017 жылы - 12,6 млрд. теңге) құрады, ол 100% игерілді.

2019 жылға аудан бюджеті 6,6 млрд.теңге мөлшерінде бекітілді, бюджеттің азаюы мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландырудың Астана қ. Білім басқармасына берілуіне байланысты болып отыр.

 

Әкімдікті трансформациялаудағы 6 қадам

Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында мемлекеттік органдар нақты уақыт және жедел жауап беру режимінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін заманауи цифрлық технологияларды қолдануға тиіс екендігін атап айтты.

Біз «Сарыарқа» ауданының әкімдігін өзгерту жөніндегі пилоттық жобаны белсенді жүзеге асырудамыз. Ол қарапайым алты қадамнан тұрады, атап айтқанда ашықтық, жаңа формат, ықпалдастыру, трансформациялау, өзін-өзі басқару, айқын бюджет.

Транспаренттілік қағидаттарына негізделген өзара іс-қимыл тетіктері мен заманауи цифрлық технологиялар қолданылатын нақты және айқын іс-қимыл жоспары бар.

1-қадам. Ашықтық

Мен, аудан әкімі ретінде тұрғындар тікелей маған хабарласа алуы үшін өзімнің телефон нөмірімді жарияладым. «Whatsapp» мессенджері арқылы күніне 20 хабарламаға дейін қабылдаймын. Үздіксіз кері байланыс орнады. Әлеуметтік желілерде үнемі өндірістік жұмыспен бөлісіп отырамын, сіздердің, тұрғындардың алдында есеп беремін, әртүрлі сауалнамалдар жүргіземін.

Оң нәтижелерге қол жеткізілді. Тұрғындармен тікелей байланыс жасауі барлық оқиғалардан хабардар болуға, дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұндай тәжірибе жақсы нәтиже беруде. Ашықтық және іс-қимылдың айқындығы пайда болды, бүкіл әкімдіктің жұмысындағы жедел әрекет ету және тиімділік арта түсті.         Мемлекеттік органдар мен халық арасындағы «сенім көпірінің» қалыптасуы осылай басталады.

Бүгінгі өмір сүру қарқынын ескере отырып, біз азаматтардың уақытын үнемдеуіміз керек. Ол үшін тұрғын үйінен шықпай телефондағы бір пернені басу арқылы мемлекеттік органға хабарласып, өзінің мәселесін шеше алатындай жағдай жасауымыз керек.

Өткен жылы қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету және тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында танымал Telegram мессенджері («Сарыарқа әкімдігі», «Ауданның құқықтық тәртібі», «Ауданның пәтер иелері кооперативі») негізінде іске қосылған үш диалог алаңының (чаттар) жұмысын жалғастырдық.

Өткен жыл ішінде Telegram-да тұрғындардың 9332 өтініші қаралды.

«Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде менің парақшам белсенді жұмыс істеп тұр және «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының жаңа ресми сайты әзірленді.

2-қадам. Жаңа формат - «Front office» жобасы

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс деп атап айтты. Бұл тұрақты кері байланысты, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелерін қызу талқылауды және жұртшылыққа түсіндіруді көздейді.

Мемлекет басшысының Жолдауын орындау және «Астана - Адалдық Алаңы» жобасын жүзеге асыру шеңберінде біз мемлекеттік қызметтер ұсынудың жаңа орталығы – фронт-офистің презентациясын жасадық. Ол ауджан тұрғындарына қызмет көрсету, кеңес беру және өтініштерін қабылдау, сондай-ақ инвестжобаларды сүйемелдеу, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету (бизнес-аккомпаниатор) үшін «бір терезе» қағидаты бойынша кедергісіз ашық кеңістік (open-space) дегенді білдіреді.

Жұмысты осылайша ұйымдастыру аппарат қызметкрелеріне бірлесіп әрекет етуге, тапсырмаларды әдеттегідей қағазбастылық жолымен шешуді болдырмауға мүмкіндік береді.

Жобаның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың қолжетімділігі және халыққа жақын болу, тұрғындардың билікке сенімін арттыру, тұрғындармен жедел әрі тиімді кері байланыс орнату, қағазбастылық рәсімдерді болдырмау және әкімдік пен тұрғындар арасында «көпір» орнату және қоғамдық бақылау.

Біз апта сайын тұрғындарды алдын ала жазылусыз және соңғы келген адамға дейін қабылдауды жүзеге асыра бастадық. Тікелей бетпе-бет кездесулер тұрғындарға әрдайым қажет. Жеке қабылдаудың жаңа форматын қолданатын кез келді. Адамдар өздерінің проблемасы туралы келіп айту мүкіндігіне ие болулары керек. Бұлардың барлығы аудио-, және бейнежазбалар арқылы ашық қабылдау бөлмесінде өтеді.

3-қадам. Интеграция.

Біз әкімдікте жобалық менеджмент пен корпоративтік басқаруды енгізудеміз және «бір проблема – бір құжат» қағидатына баса көңіл бөлеміз. Осы ретте біз проблемаларды айқындау және ұсыныстар әзірлеу әдіснамасын пайдаланатын боламыз. Бұл нақты бір мәселеге назар аударып, жауапты тұлғаларды анықтауға және қажет емес қағазбастылық рәсімдерін болдармауға мүмкіндік береді. Біз осы бағытта белсенді жұмыс жүргізудеміз.

4-қадам. Трансформация.

Тиісті персоналсыз басқарудың жаңа нысандарын енгізу мүмкін емес. Әкімдіктің жаңа формациядағы қызметкері нәтижеге бағдарлана білуі тиіс, смарт-технологияларды еркін пайдаланып, әрбір жобаны жеке көзқараспен жүзеге асырып, үнемі үйренуге және өзін жетілдіруге ұмтылуы тиіс.

5-қадам. Өзін-өзі басқару. Тұрғындар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында елорда 129 секторға (әрқайсысы 10 мың адамға дейін) бөлінді және кемінде 32 әлеуметтік стандарт қарастырылған, ал біздің аудан 28 секторға бөлінді. Осы тәсіл негізінде біз «Citymanager» жобасын енгізуді жоспарлап отырмыз. Осыған ұқсас жобалар әлемнің көптеген қалаларында жүзеге асырылған. Жобаның мәні – белсенді азаматтарды қоғамдық бақылау арқылы ауданның тыныс-тіршілігіндегі өзекті мәселелерді шешуге қатыстыру. Сити-менеджерлер қардың тазалануын, ПИК жұмысын қадағалап, әкімшілік құқық бұзушылықтарды фото-, видеофиксация жасау алады.

6-қадам. Айқын бюджет.

Мемлекеттік бюджетті пайдалану мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Тұрғындар бюджет қаражатының қайда жұмсалып жатқанын көруі тиіс. Әлемдік практикада Қатысу бюджеті (партиципаторлық бюджет) деген ұғым бар. Онда халық дамыту жобаларын өздері анықтап, дауыс беру арқылы бюджет ақшасы қай бағытта жұмсалатынын бекітеді.


 

Құрметті аудан тұрғындары!


«Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты 2018 жылы ауданның өзекті мәселелерін шешу және тұру үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстарды жүргізді.

Оның ішінде әлеуметтік жобаларды іске асыру, қоғамдық кеңістік орындарын дамыту, аулаларды абаттандыру, ауданды көгалдандыру және жарықтандыру, тұрғын үй-коммуналдық саласын дамыту, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және т.б. аса басымдыққа ие болды.

Аулаларды кешенді абаттандыру


2018 жылы тұрғындарға сауалнама жүргізгеннен кейін біз аулаларды абаттандыру бойынша еуропалық талаптарға сай келетін жаңа стандарттарды әзірледік және 35 аулаға жұмсақ резеңке жабын (тартан) төседік.

16 футбол және 2 баскетбол, 24 тренажер алаңдарын салдық, онда 168 тренажер, «Workout» спорт тренажерінің 3 кешені және 155 шағын сәулет нысандары орнатылған. 2019 жылы біз бұл жұмыстарды жалғастыратын боламыз.

Ерекше айта кететін жайт, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру мәселесі 10 жылдан аса шешілмей келген болатын.

2018 жылы қала әкімдігінің қолдауының арқасында біз Қосшығұлұлы көшесі 19/2,19/3, Қосшығұлұлы көшесі 14,16 мекенжайларында орналасқан тұрғын үйлердің аумақтарын абаттандыруға кірістік.

Аталған жұмыс ағымдағы жылы да жалғасатын болады.

2018 жылдың басында біз «Игі істер» акциясын жариялаған болатынбыз. Бұл акцияның мәні – тұрғындар жасыл көшеттерді отырғызуға, үйлерінің жанындағы аумақтарды тазалауға, үйлерінің кіреберістерін жөндеуге қатысады, ал әкімдік, өз кезегінде, аулаларды абаттандыруды жүзеге асырады. Осы акция барысында ауданның 30-дан аса ауласының тұрғындары үйлерінің жанындағы аумақтарды тазалауға қатысып, 1,5 мың ағаш пен талдар отырғызды, гүлзарлар, кішкентай бау-бақшалар, гүлбақшалар бұзылып, орнына көпжылдық гүлдер егілді.

Біз акцияны қолдаған тұрғындарға аула аумақтарын абаттандыруға көмектестік.

Аталған аулаларда абабаттандыру элементтерін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді, шағын сәулет нысандары, спорт алаңдары орнатылды, футбол алаңдарына жөндеу жүргізілді.

Осы қыста біз «Қардан таза аула» акциясын жарияладық. Қазіргі уақытта осы акцияға ауданның 4 ауласының тұрғындары қатысуда. Тұрғындар тұрғын үйлердің аулаларының жан-жағын қар мен мұздан тазалайды, ал біз осы жазда аулаларды абаттандыру мен жөндеу жұмыстарын жүргізетін боламыз.

Осы жағдайды прайдалана отырып, тұрғындарды аталған акцияға қатысуға шақырамыз. .

Аулалардың ішкі аумақтары мен жолдарын жөндеу

2018 жылға арналған жоспарда ауданның тұрғын үйлерінің аулаларына кіретін 100 жолды жөндеу бекітілген, олардың тізімі сауалнама жүргізу арқылы жасалды.

2018 жылы біз 18,0 мың ш.м. аула аумағына кіретін 109 жолды (2017 жылы - 63 жол) асфальттадық. 2019 жылы аталған жұмысты жалғастырамыз.

2019 жылға біз кемінде аулаға кіретін 100 жолды жөндеуді жоспарлап отырмыз.

Контейнерлік алаңдарды жөндеу

Аудан аумағында 3 жылдан аса контейнерлік алаңдар жөнделмегенін және абаттандырылмағанын айта кету керек. Аудан аумағында барлығы 635 контейнерлік алаң орналастырылған, олардың 375-і қанағаттанарлық жағдайда.

2018 жылы 228 контейнерлік алаң салынып, жөнделді. Олардың 165-і «Көктал-1», «Көктал-2» және «Агроқалашық» тұрғын алаптарында орналасқан.

2019 жылы 260 контейнерлік алаңды жөндеу жұмысы жалғасады. Біз барлық контейнерлік алаңды тәртіпке келтіреміз.

Сонымен қатар екі жыл бойына «CleanCityNC» ЖШС кәсәіпорнымен бірлесіп, аудан аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жерасты контейнерлерін салу жобасы іске асырылып келеді.

Бұл жоба аудан тұрғындары тарапынан қолдау тапты.

2018 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған 8 дана жерасты контейнері орнатылды. 2017 жылы оның саны 2 дана болған.



2019 жылы бұл жұмыс жалғасын табады.


Көгалдандыру

Ағымдағы жылы ағаш отырғызу ауданды көгалдандыру жөніндегі тұжырымдама аясында жүргізілді. Ақан сері, Бейсеков көшелеріне толықтай отырғызылды, аталған жұмыс Бейбітшілік көшесі, Бөгенбай батыр даңғылы, Қосшығұлұлы көшесі бойында да жүзеге асырылды.

Өткен жылы уәде еткеніміздей, біз «Алма», «Шие», «Емен», «Сирень» және «Қайың» көшеттерін отырғыздық.

Барлығы 2018 жылы шамамен 4000 дана ағаш пен тал отырғызылып, 1,120 млн. аса гүл егілді.

Ауданды көгалдандыруға ерікті түрде қоғамдық ұйымдар мен тұрғындар белсене қатысатынын айтқым келеді. «Садақа жария» ұйымы Бейбітшілік көшесіне ағаш отырғызып, Кенесары көшесіне алма және шие аллеясын жасады.

Сонымен қатар біз 2018 жылы бір жылдық өсімдіктен көпжылдық өсімдікке біртіндеп көшу жұмысын бастаған болатынбыз, тәжірибе түрінде Абай ескертішінің жанына 1028 м2 гүл егілді. Көпжылдық өсімдіктердің артықшылығы – олар біздің ауа-райына өте тұрақты және бұл бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сарыарқа ауданының аумағында 27 008 дана ағаш пенр тал, 687 184 м2 көгал, 14 750 п.м. тірі бұталы қоршаулар, 20 148 м2. гүлдер бақшасы және 35 км суаратын су құбыры жүйесі орналасқан.

Біз алғаш рет көшелерді жарықтандыратын тіреулер мен қоршауларға гүлдері бар 240 аспалы құмыралар мен 465 қыш құмыралар орнаттық.

«Гүлдер бақшасы» скверіне 1,5 мың м2 аса біржылдық гүлдер егіліп, 21 топиарлық мүсіндер орнатылды.

Барлығы аудан аумағында 27 008 дана ағаш пен тал, 687 184 м2 көгал, 14 750 п.м. тірі бұталы қоршаулар, 20 148 м2. гүлдер бақшасы және 35 км суаратын су құбыры жүйесі орналасқан.


Ауданды көгалдандыру жұмысы 2019 жылы да жалғасатын болады.

Сонымен бірге жасыл көшеттердің саны біз үшін маңызды. Ол үшін біз оларға цифрлық форматта түгендеу жүргіземіз. Арақашықтықтан идентификаторды есептеу нысанның паспорттық деректері мен суреттерін құрылғыдан көруге, нысан бойынша: ағаштарды суару, әктеу, қоқыс жәшіктерін тазалау, нысандарды сырлау және басқалар туралы өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.


 

Жарықтандыру

Жеке кездесулер кезінде, әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар аулаларды жарықтандыру мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Өткен жылы біз өзіміз үшін жарықтандырудың жаңа стандарттарын белгіледік. Біз энергия тұтынуды төмендету арқылы жалпы үй қажеттілігі ақысын азайту мақсатында біз ескі ЖКУ шамдарды фотореле элементі бар жаңа жарықдиодты шамдарға ауыстыруды дқрыс деп шештік. Егер бұрын электр шамының қуаты 250 Вт болса, қазір 3 есеге аз, ал фотореле кіреберістердегі кезекшілерден құтылуға мүмкіндік береді. Егер әрбір аула жарықтандырылса, ол қылмыс деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

Өткен жылы біз 520 үйге 1141 шырағдан орнаттық, оның 707-сі жаңа жарықдиодты. Ағымдағы жылы барлық аулаларда және көпқабатты тұрғын үйлердің әрбір кіреберісінің үстіне жаңа жарықдиодты шырағдандарды орнатуды аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар біз Республикасы даңғылының бойындағы көше жарығының ЖКУ шамдарын жарықдиодты шамдарға ауыстыру жұмысын жүргіздік.

Бір жыл бұрын біз Сарыарқа даңғылы, Кенесары көшесі және Абай даңғылында ескі шамдарды жаңа жарықдиодты шамдарға ауыстырдық.

Есіл өзенінің жағалауында саябақ жарығының тіреуіштері мен шырағдандарын ауыстыру жқмысы жүргізіліп, барлығы 120 тіреуіштері бар шамдар мен 100 шырағдан ауыстырылды.

Жеке секторға келсек, барлығы 234 көше бар, оның 142-сінде жарық бар. 92 көшеге жарық орнату қажет. Біз оларды ағымдағы жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Бұдан өзге қалалық басқармалардың жұмысында 49 көше бар. Өкінішке орай, ақаулар болып тұрады, бірақ белгіленген мерзімде жұмыс жүргізіледі.

Қазір жоспар жасалды, біз электрмен қамту желілерінің қолда бар тіреуіштеріне қондырғылар (гусаки) орнататын боламыз. Біздің жеке жоспарымыз бойынша барлық жеке секторды жарықтандырылады.


Санитарлық күтіп ұстау

Ауданды ағымдық күтіп ұстау біздің жұмысымыздың маңызды бағыты саналады.

«Сарыарқа» ауданының аумағын сантарлық тазалауды 33 мердігерлік ұйым жүзеге асырады, 437 бірлік арнайы техника мен 769 жол жұмысшысы қатыстырылады. Қар жауған кезеңде қар аймағына 171 875 м3 қар шығарылды, рейспен есептегенде 15625 рейсті құрады.

Айта кету керек, санитарлық күтіп ұстауды оңтайландыру және арттыру үшін біз 4 учаске бойынша тазалаудың үш түрін (механикалық, қолмен, аулаішілік) біріктірдік, бұл тазалау сапасына және шапшаңдыққа оң әсер етті.   

Орындалған жұмыстар көлемі бойынша төлем ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында біз санитарлық тазалауды бақылаудың оңтайлы түрін әзірледік: біріншіден, көзбен бақылау, екіншіден, «Сергек» камерасы арқылы, үшіншіден – қоғамдық бақылау. Сонымен қатар барлық арнайы техника GPS модулімен жабдықталғанын айта кеткен жөн.

Мердігер ұйымдар қоқыс төгу аймағына барлығы 25,0 мың тонна қоқыс шығарды (1.12.2018 ж. жағдай бойынша).

Жалпықалалық сенбілік


Тазалықты қамтамасыз ету және абаттандыру қағидаларын сақтау үшін ауданда 3 қалалық сенбілік өткізілді. Астана қаласын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі сенбілік «Біз таза Астана үшін» ұранымен өтті және оған шамамен 70,0 мың адам қатысты.


Экологиялық сенбіліктер кезеңінде қалалық қоқыс аймағына 2 475 тоннадан аса қоқыс шығарылды.

Барлығы аудан бойынша 272 заңсыз қоқыс үйінділері жойылып, 2 818 тоннадан аса қоқыс шығарылды.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар

Өздеріңіз білетіндей, аудан аумағында су тасқыны кезеңінде 4 батпақты жер қауіпті саналады, жерасты және жаңбыр суларының аса көп жиналуынан олардың көлемі ұлғаяды. Сондықтан су тасқынына қарсы іс-шараларды орындау біздің жұмыстағы басты бағыттардың бірі болып табылады. Біз құдықтары бар су өткізу құбырларын орнату арқылы батпақтан суды бұрып жіберу мен су деңгейін азайтуды шешу жолдарын әзірледік.   


Барлығы «Сарыарқа» ауданы бойынша нөсер канализациясы жүйесінің ұзындығы 78 616 м құрайды, темір торлар - 1982 дана. құдықтар саны - 1164 дана.

2018 жылы аудан көшелеріндегі жаңбыр суы ағатын құдықтар мен темір торлар тазаланды. Барлығы 1384 құдық тазаланды. Жаңбыр суы ағатын 27399 м.п. құбыр шайып тазартылды.

Бұдан басқа нөсер канализациясы желілерін Кэмэл арнайы техникасымен тазалау жұмыстары жүргізілді. Барлығы - 4924 м.п. құбыр шайылды, оның ішінде Шевченко көшесінде 39 құдық және 460 м.п. коллектор, Кенесары көшесінде - 2894 м.п құбыр мен 45 құдық, А.Мамбетов көшесінде - 370м.п. құбыр мен 20 құдық, Сейфуллин көшесінде - 700 м.п. құбыр мен 30 құдық, Бөгенбай батыр даңғылында 500 м.п. құбыр шайылып тазартылды.

Жаңбыр және еріген қар суын аса тиімді өткізу үшін Сейфуллин көшесіндегі өнімділігі 400 м3 2 сорғы құрылғысын ауыстырдық және қосымша Кенесары көшесі бойындағы тазалау тоғанына өнімділігі 280 м3 2 сорғы орнаттық.

Агроқалашық тұрғын алабына, Төлеубаев көшесіне құдықтары бар ұзындығы 265 м диаметрі 110 мм су өткізу құбыры жүргізілді.

Нөсер-жауын түсу кезеңінде аудан аумағының суға кетуіне жол бермеу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.


Көктемгі кезеңде су деңгейі көтерілген кезде батпақтарда 12 бірлік мотопомп пен 2 бірлік трактор сорғы орнату жоспарлануда.


3 қаңтардан бастап ауданның жеке секторынан қарды шығару жұмысы басталды. Қар аймағына 8059 куб.м. қар шығарылды, яғни 732 рейсті құрады.

Қоғамдық кеңістік


Біз қоғамдық кеңістікті дамытуды жалғастырамыз. Өткен жылы аудан аумағында 8 қоғамдық аймақ орналастырылды, 3 сквер («Иллюзия», «Шабадан» және Батыс Қазақстан облысы тарту еткен «Ақжайық» саябағы) салынды.

2018 жылы Арбаттың серуендеу жолын Бұхарбай батыр көшесінен Омаров көшесіне дейін жалғастырдық, Арбат 1,5 шақырымға ұзарды. 7500м23D қырлы тас бүркемесін төседік. Сонымен қатар Абай даңғылына жаяу жүргінші жолына бағдаршам орнаттық, сол жердегі жаяу жүргінші аймағына резеңке төсеніші бар көше тренажерлерін, спорттық және балалар алаңын орнаттық.

Бұдан өзге Есіл өзенінің жағалауы жаңарды. Біз тротуар бөлігін 7 метрге дейін кеңейттік және оған тротуар плиткаларының «Алаша» стиліндегі жаңа дизайнын қолдандық. Бір үлгідегі орындықтар, қоқыс жәшіктерін орнаттық және жарықтандыруды айтарлықтай жақсарттық.


«Гүлдер бақшасы» жаңа түрге еніп, қалалықтардың сүйікті әрі тамаша демалыс орнына айналды. Біз онда түрлі түсті аркалар қойып, көше жиһазын жаңарттық, ең бастысы Шығыс гүлі монументалдық композициясы ерекше назар аудартты.

ҚР Тұңғыш Президентінің музейі алдындағы алаңда «Елбасы - Елорда» атты ашық аспан астындағы фотогалереяны аштық.


Сонымен бірге Қосшығұлұлы көшесі, 14 мекенжайында сквер ашып, Омаров көшесін ретке келтірдік және онда 48 орындық, 20 қоқыс жәшігі қойылды және 3270 м2 3D қырлы тастар төседік. Биыл біз ол жерді Арт көшеге айналдырамыз.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

«Сарыарқа» ауданы аумағында 931 көппәтерлі тұрғын үй бар (көпқабатты - 887, барак түріндегі – 44, жалпы аумағы – 4 199 799 ш.м., пәтер саны – 67 029).

Орталықтандырылған жылыту жүйесіне 819 үй қосылған. Автономды жылытуға (сұйық және қатты отынмен) – 26 ұй қосылған және 86 үй пешпен жылытылады.

"Астанаэнергия" АҚ аудандық қазандығына "Көктал" тұрғын алабының 10 тұрғын үйі, № 19 орта мектеп (ескі корпус) және балалар үйі қосылған.

"Жылу" МҚК қызмет көрсететін 10 қазандыққа 5 тұрғын үй, 5 мектеп (№ 19,40,41,61,68), 5 балабақша (№ 13, 39, 55, 61, 85), № 1 арнайы мектеп интернат, 1 колледж қосылған.

Ауданда тұрғын үйлерге қызмет көрсететін 141 ұйым бар (ПИК, ПК, ЖК, ЖШС және т.б.).

931 тұрғын үйді жылыту маусымына дайындау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді және толық көлемде аяқталды. Тұрғын үй қорының барлық нысандарында жылыту жүйесі 100% іске қосылды (Тұрғын үй қоры бойынша барлығы 11 паспорт берілген жоқ, оның 8-і бойынша меншік иелері паспорттарын рәсімдемеген, 3 үй «Астана теплотранзит» АҚ ескертулеріне байланысты алған жоқ).

Автономды қазандықтары бар 11 тұрғын үйды жылумен жабдықтау өзекті мәселе болды.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауының арқасында автономды қазандықтары бар 11 тұрғын үйды жылумен жабдықтау мәселесі «Астана-энергия» АҚ қызмет көрсетуіне беру арқылы шешілді. Нәтижесінде жылудың қолданыстағы тарифі жалпықалалық тариф деңгейіне дейін, яғни 300-ден 100 теңгеге дейін түсті.


Сондай-ақ қазіргі уақытта автономдық қазандықтарға дизель отынын үздіксіз жеткізу мәселесі толық шешілді. Аталған үйлердің тұрғындарын отынды қорға сақтау туралы мәселе ойландырмайды.

2017-2018 жылдардағы жылыту маусымында барлығы 323,7 млн. теңге жұмсалды, оның ішінде 287,7 млн. теңге немесе 88,9% мемлекеттен бөлінді. Бұл қаражатқа ауданның 10 ауласын абаттандыруға болады.


Сонымен бірге 2017 жылы Астана қаласы Отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасы аталған үйлерді орталықтандырылған жылумен қамту жүйесін қосу үшін жылумагистралінің құрылысын жобалау бойынша жұмыс жүргізілуде. Республикалық бюджеттен қаржы бөлуге өтінім берілді.

QR коды және жарық бергіші бар жаңа типтегі 246 бірлік (2017 жылы - 709 аншлаг) аншлагты орнату жұмысын жалғастырдық. Атап айтқанда көпқабатты тұрғын үйлерге – 211 бірлік, әкімшілік ғимараттарға – 35 бірлік.

2019 жылға 9,9 млн. теңге сомасында QR коды және жарық бергіші бар 250 бірлік аншлагты орнату жоспарланды.

Барлығы 39,2 млн. теңге сомасына жаңа үлгідегі 955 бірлік аншлаг орнатылды.


Қызмет көрсетуші ұйымдарды рейтингтік бағалау

Алғаш рет 2017 жылдан бастап «Сарыарқа» ауданының «Парасат» ПИК қауымдастығымен және Астана қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен бірлесіп, 18 критерий бойынша ауданның қызмет көрсетуші ұйымдарының қызметін рейтингтік бағалауды енгізу жұмысы жүргізілуде.

Бұл рейтингті жүргізу қызмет көрсетуші ұйымдардың жұмыс сапасын анықтайды және олардың қызмет деңгейін арттырады. Биыл да біз қызмет көрсетуші ұйымдардың қызметін рейтингтік бағалауды бастадық, нәтижелері аудан тұрғындарымен талқыланғаннан кейін шығарылады.

Сонымен бірге біз Е-ПИК жобасын іске асыру бойынша жұмысты жүргіздік. Бүгінгі күні барлық қызмет көрсетуші 141 ұйым Е-ПИК жүйесіне қосылған.

Біз ортақ мүлікті күтіп ұстау және қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында ПИК-ті топтау жұмысын жалғастырдық. 2018 жылы үйлерді басқа қызмет көрсету ұйымдарына қосқандықтан, 10 қызмет көрсетуші ұйым өз қызметін тоқтатты (ПИК «Қуат», ПИК «Сұңқар», ПК «Асқар-2008», ЖСК «Уют-19», ЖШС «Қазпо Астана», ЖШС «Сарайшық Сервис», ЖК «Айдаралиев», ЖК «Өмір», ЖШС «Бастау Орда», ПИК «Аврора»).

Лифт шаруашылығы

Қазіргі таңда аудан аумағында 1227 (тұрғын үй қоры - 1016) лифт қондырғылары жұмыс істеп тұр, оларға 38 лифт ұйымдары қызмет көрсетеді.

Техникалық зерттеулер нәтижесінде 1128 лифт қанағаттанарлық жағдайда, 99 лифт қанағаттанарлықсыз жағдайда екені анықталды.

Біз лифт және қызмет көрсетуші ұйымдармен бірге барлық лифт қондырғыларына техникалық тексерулер өткіздік, соның нәтижесінде төтенше жағдай      лардың алдын алу мақсатында алғаш рет пайдалану мерзімі өтуіне және техникалық жағдайына байланысты 30 лифт қондырғысы тоқтатылды.

Бүгінгі күні 15 лифт жөнделді, өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде 9 лифт ауыстырылды, 12 лифтіні ауыстыру бойынша жұмыс жүргуде, қалған 63 лифт қондырғысына жөндеу жүргізу немесе ауыстыру жоспарлануда. Барлық осы лифтілер бақылауға алынды.

Аталған Бағдарлама іске асырылғаннан бастап ауданда 17 үйдегі 630 млн. теңге сомасындағы 42 лифт қондырғысы ауыстырылды.

Көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын жөндеу

Тұрғын үйлердің шатырын жөндеу маңызды мәселелердің бірі болып қалуда. 2018 жылдың басында ауданда 21 тұрғын үй есепке алынды, онда шатырдан су ағып кету мәселесі болды, олардың тізімі тұрғындардан келіп түскен қтініштер бойынша қалыптастырылды.

2018 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Затаевич 11 көшесіндегі 1 тұрғын үйдің шатыры 27 млн. теңге сомасына күрделі жөндеуден өтті.

Қызмет көрсетуші ұйымдардың күшімен мақсатты қаражат жинау есебінен 19 көпқабатты тұрғын үйдің проблемалы шатыры жөнделді (Потанин көшесі, 3, Жеңіс даңғылы, 17б, 17в,69, Аспар көшесі, 1, 2б, Қарасай батыр көшесі, 6, 26/2, Конституция көшесі, 12/1, 14, 16, Затаевич көшесі, 16, Есенберлин көшесі, 23, Бейбітшілік көшесі, 24, Сейфуллин көшесі, 10, 13/1, 14/3, Сарыарқа даңғылы, 19, Жангелдин көшесі, 10). Қарталы көшесі, 18/1 («Формула успеха» ТҮК) мекенжайындағы 1 үй бақылауда. Онда шатырды жөндеуге мақсатты қаражат жинау үшін тұрғындарға жазбаша сауалнама жүргізілуде.

Сонымен қатар әкімнің төтенше жағдайларға арналған қоры есебінен 3 тұрғын үйдің шатыры күрделі жөндеуден өтті: Байсейітова көшесі, 101/1, 124, А. Молдағұлова көшесі, 37/1, бұл үйлердің шатыры 2018 жылғы 11 қаңтар мен 22 мамырдағы қатты соққан жел салдарынан бүлінген.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы

Бұл бағдарлама тұрғындар үшін өте ыңғайлы, мемлекет жөндеуге қаржы қаражатын қайтарымсыз негізде пайызсыз бөледі, дағдарысты есептемейді және олар оған белсенді қатысуда.

Осылайша, 2018 жылы аталған Бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 46,3 млн. теңгеге 6 үйге жөндеу жүргізілді:

- Затаевич көшесі, 11 мекенжайындағы тұрғын үйді 27 млн. теңге сомасына ағымдық жөндеу (шатыры, кіру топтары, үй ішіндегі электр желілері, төсеніштер);

- Бөкейхан көшесі, 6,8,8/1,8/2,8/3 мекенжайларындағы үйлерге (жылу тораптарын реконструкциялау) 19,3 млн. теңге сомасына ағымдық жөндеу жүргізілді.

Бағдарлама басталғаннан бастап 2011 жылдан бері ауданда барлығы 35 үйге жалпы сомасы 518 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар аудан аумағында аспалы қасбеттері бар (керамогранит, алюкобонд, сайдинг) 72 тұрғын үй бар.

Жүргізілген монторинг қорытындысы бойынша 16 үйдің қасбеттері техникалық қанағаттанарлықсыз жағдайда, бұл өз кезегінде аудан тұрғындарының өміріне қауіп төндіреді.

Бүгінгі таңда өткізілген іс-шаралар шеңберінде тұрғындардың мақсатты қаражаты есебінен 12 тұрғын үйдің қасбеті қайта қалпына келтірілді.

Бақылауда 4 үй тұр, олардың мекенжайлары: Ы. Дүкенұлы көшесі, 38 (ЖК «Шаңырақ» ТҮК), Сарыарқа даңғылы, 41, 43 («Махаббат 1,2» ТҮК), Байсейітова көшесі, 8.

 

Бейнебақылау камераларын кешенді орнату

Қазіргі таңда «Сарыарқа» ауданында 308 тұрғын үйге барлығы 3 881 бейнебақылау камерасы орнатылды, олардың ішінде 2018 жылы 791 камера аулаларға орнатылды, атап айтқанда 677 «Сергек» бейнебақылау камерасы 267 үйдің ауласына қойылды.

Бүгінгі күнгі есеппен 1 485 «Сергек» камерасы орнатылды.

2019 жылы аудан бойынша 1 553 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда.

 

Апат жағдайындағы және ескі тұрғын үй


2013-2017 жылдар кезеңіне арналған «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес, апаттық жағдайдағы және ескі тұрғын үйлерді сүріп тастаудің бірінші кезеңін жүзеге асыру шеңберінде ауданда 136 апаттық үйді бұзу жұмысының рекордтық көлемі орындалды. Ауданымыздың 8 600 тұрғыны жаңа тұрғын үй кешендерінен 2 155 пәтер алды. Осы бағдарлама басталғанға дейін жылына 2-3 апаттық жаңдайдағы үй сүрілген. Өткен жылы рекордтық санға жетті – 70 апаттық жағдайдағы ескі үй бұзылды. Жеңіс даңғылындағы ескі үйлер сүріліп, жаңаша түрге енгенін өздеріңіз де байқаған боларсыздар.

Сонымен қатар қазіргі кезде бағдарла       маның екінші кезеңінің (2018-2022 жж.) жоспары бекітілді, оған 15 апаттық жағдайдағы үй кірді, жалпы аумағы 7 390,6 ш.м., 168 пәтер (2018 ж. - 3 үй; 2019 ж. - 4 үй; 2022 ж. - 8 үй).

2018 жылы жоспарланған 3 үйдің (Герцен көшесі, 82, 86, Қарталы көшесі, 19, барлығы 23 пәтер) ішінен бүгінгі таңда Қарталы көшесі, 19 мекенжайындағы апаттық жағдайдағы үй бұзылды, Герцен көшесі, 82 мекенжайындағы үйдің тұрғындары көшірілуде және Герцен көшесі, 86 мекенжайындағы үйге реквизиция бойынша жұмыс жүргізілуде.

2019 жылға С. Сейфуллин көшесі, 14/1, 16, Қарталы көшесі, 3, Құтпанов көшесі, 33, мекенжайларындағы 4 апаттық үйді сүріп тастау жоспрарланған, онда барлығы - 48 пәтер.

Біз қосымша жалпы аумағы 7 509,8 ш.м. (152 пәтер) болатын 24 апаттық жағдайдағы үйді екінші кезеңнің жоспарына енгізу үшін ұсындық, олардың техникалық жағдайы санитарлық-техникалық талаптарға сай келмейді.

Ашық құдықтарын жабу

Аудан аумағында 23 194 байқау құдықтары бар. 2018 жылы ашық жатқан құдықтар бойынша 927 өтінім келіп түсті, коммуналдық кәсіпорындармен бірге олардың бетін жаптық, 2017 жылы 718 байқау құдығы (люктер) бойынша өтінім түскен еді.

Олардың негізгі себебі құдықтардың қақпақтарын ұрлау фактілерінің орын алуы және механикалық ықпал ету болып табылады.


Құрылыс


2018 жылы 11 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілетін болады, олардың жалпы аумағы 64386,6 ш. м,  пәтер саны – 693, және аумағы 180008,6 ш. м. болатын 54 әлеуметтік-мәдени нысан тапсырылады, біздің ауданда жалпы аумағы 126,3 мың ш.м. болатын 8 тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасуда:


1. Жапсырма орын-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені Кенесары көшесі мен Сарыарқа даңғылының қиылысында.

2. Жапсырма орын-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені Кенесары көшесі мен Т. Шевченко көшесінің қиылысында

3. Жапсырма орын-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені Тілендиев даңғылы мен Қайнар көшесінің қиылысында

4. Балаларды аз уақытқа қарауға арналған жапсырма орын-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені Дәулеткерей көшесінде

5. Жапсырма орын-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені Сарыбұлақ және Московская көшелерінің қиылысында

6. Жапсырма орын-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені «Сайран бірлестігі» ЖШС.

7. «Гарант» ТҮК Павлов және Ш. Уәлиханов көшелерінде.

8. «Пана» ТҮК Қарталы көшесінде.

Барлық нысандар бойынша пайдалануға беру мерзімі 2019 жылға жоспарланған.

Білім беру нысандарын дамыту

2018 жылы 3 білім беру нысаны пайдалануға берілді, олар дарынды қыздарға арналған «Білім - инновация» лицейі, Абай даңғылының бойындағы 1200 орындық мектеп, сондай-ақ Қарталы және Оқжетпес көшелерінің қиылысындағы 1200 орындық мектеп.

Ағымдағы оқу жылы қала бойынша бірінші сынып оқушыларының саны 21 178-ге жетті, оның ішінде «Сарыарқа» ауданында 7 000 мың оқушы бар, яғни 33%-ды құрайды. Осыған байланысты ауданда 5 білім беру нысанының құрылысы белсенді жүргізілуде, аяқталу мерзімі - 2019 жыл. Олар:

- 800 орынға есептелген КТМ құрылысы (құрылыс бейініндегі) Бөгенбай батыр даңғылының бойында;

- 1200 орындық мектеп құрылысы Оқжетпес және Бөкеев көшелерінің қиылысында;

- № 40 орта мектепке жапсырлас құрылыс «Көктал» тұрғын талабында;

- № 68 мектептің ғимаратын реконструкциялау, жапсарлас құрылысымен бірге «Көктал» тұрғын алабында, Құсмұрын көшесі, №2;

- көздері нашар көретін балаларға арналған 240 орындық балабақша құрылысы Сарыарқа даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында.

Бұған қоса білім беру нысандарын одан әрі дамыту үшін 2 білім беру нысанын жобалау жүргізілуде:

- «550 орындық № 60 орта мектепке жаспарлас құрылыс Кубрин көшесі, 21/2 мекенжайында»;

- «1200 орындық мектеп Қарасай батыр және Бұланты көшелерінің қиылысында».

2018 жылға дейін ауданда бір ғана мешіт жұмыс істеді. Жеке инвестиция есебінен 2018 жылы ауданымызда Есіл өзенінің жағасында "Алланың гүлі" мешіті ашылып, ауданның көрнекті орындарының біріне айналды.

2018 жылы ауданның меценаттары Гете және Ы. Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы 700 орындық мешіттің құрылысына кірісті, сондай-ақ «Көктал» тұрғын алабындағы мешіттің құрылысы бойынша бірқатар инфрақұрылымдық мәселелер шешілді.

Есіл өзенінің арнасын реконструкциялау жалғасуда және алғаш рет Қазақстанда иесі жоқ иттерді ұстау ғимаратының құрылысы Н.Тілендиев және 20-1 көшелерінің қиылысында жүргізілуде.

2018 жылы аудан кәсіпкерлері өз қаражаттары есебінен Астананың 20 жылдығына арналған жобаларды жүзеге асырды, олар:

- Қосшығұлұлы көшесі, 24 мекенжайындағы «Евромолл» үлкен сауда орталығының ашылуы;

- «Сине Темпоре» СО алдындағы қалалық алаңда Киндерлэнд орнатты;

- 167 көшесінен «Кенмарт» гипермаркеті ашылды;

- Сарыарқа даңғылы, 1 мекенжайынан «Феличи» рестораны ашылды (1 Мишлен жұлдызы бар).

Біз алғаш рет 2018 жылдың сәуірінде инвестициялық форум өткіздік және отандық, шетелдік инвесторлармен жалпы сомасы 100 млн. доллар болатын ынтымақтастық туралы 11 меморандуға қол қойдық, көптеген жобалар іске асырыла бастады, мысалы, «Гастрономиялық базар» құрылысы, «UrbanFit» фитнес клубы, Астана Медициналық Университетінің студенттеріне арналған жатақхана құрылысы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жатақхана құрылысы және спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы және т.б.

Жолдарды салу және жөндеу

2 жыл ішінде аудан аумағында жалпы ұзындығы 52 шақырым болатын 107 жаңа асфальтталған көше пайда болды.

Аталған көшелерде ұзақ уақыт бойына асфальтбетон қабаты төселмеген болатын.

«Көктал-2» тұрғын алабында жалпы ұзындығы 19 шақырым болатын 41 көшені асфальттау толықтай аяқталды.

Су құбыры желісі, нөсер, шаруашылық-тұрмыстық және телефон канализациясы салынды, сондай-ақ электрмен қамту, сыртқы жарықтандыру жүргізілді.

Өткен жылы аудан аумағында 3 жаңа автомагистраль пайда болды. Бұл Жангелдин көшесінің Бейсеков көшесінен дарынды қыздарға арналған «Білім - инновация» лицейіне дейін жалғасуы, ұзындығы 0,8 шақырым, Сейфуллин көшесінің 167 көшесінен Земляничная көшесіне дейін жалғасуы, ұзындығы 0,9 шақырым және 2-Алматы көшесінің Қосшығұлұлы көшесінен Мешітке дейін жалғасуы, ұзындығы 1,3 шақырым.

Бұдан басқа Астана қаласының автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасын іске асыру және жол жағдайларын жақсарту шеңберінде 2018 жылы жалпы ұзындығы 13,25 шақырым болатын 29 көше мен тұйық көшелер салынып, асфальтталды. Бұл орталық бөлікте – 5 көше, ұзындығы 3,53 шақырым, «Көктал-1» тұрғын алабында - 12 көше, ұзындығы 4,78 шақырым, «Агроқалашық» тұрғын алабында 12 көше, ұзындығы 4,94 шақырым.

2019 жылықаржыландыру болған жағдайда жалпы ұзындығы 18, 45 шақырым болатын 46 көше мен тұйық көшелерді асфальттау жоспарлануда. Олар «Агроқалашық» тұрғын алабында 28 көше, ұзындығы 11,03 шақырым, «Көктал-1» тұрғын алабында 14 көше, ұзындығы 5,94 шақырым. 3 МЖК-ға кіреберіс жолдары (Құтпанов көшесі, Павлов көшесі, Шұғыла көшесі) – 0,93 шақырым. №67 ОМ-ға кіреберіс жолдары Қосшығұлұлы көшесінен мектепке дейін – 0,55 шақырым.

Білім беру нысандарына кіреберіс жолдары

Біз білім беру нысандарына кіреберіс жолдарға баса мән береміз.

Біз 4 білім беру нысанына кірер жолды асфальттап, жаяу жүргінші жолдарын, көлік қоятын орындарды салдық. Атап айтқанда №15 орта мектепке Сарыарқа даңғылы жағынан кіреберіс жол асфальтталды, Жангелдин көшесінен дарынды қыздарға арналған «Білім - инновация» лицейіне дейін Бейсеков көшесі жағынан жол салынды, №65 орта мектепке көлік қоятын қосымша орын және №80 орта мектепке баратын жаяу жүргінші тротуары салынды.

2019 жылы қаржыландыру болған жағдайда 9 білім беру нысанына қатысты кіреберіс жолдарын, көлік қоятын орындар, тротуарлар салу жоспарлануда, олар ­- №14 ОМ, №67 ОМ, № 18 ОМ, №80 ОМ, №25 «Таңшолпан» б/б, №65 «Балбала» б/б, «БалжанНұр» б/б, №19 «Балбөбек» б/б, «Экономика, тамақ өндірісі технологиялары мен стандарттау колледжі». Қазіргі уақытта қаржыландыру мәселесі шешілуде.

Қоғамдық көлік

Астана қаласының қоғамдық көлік маршруттық желісі 84 маршруттан тұрады, ал «Сарыарқа» ауданы бойынша күн сайын 48 маршрут қатынайды, яғни ол 58 %-ды құрайды, оның ішінде қалалық - 42, экспресстік - 3, қала сыртына қатынайтын 3 маршрут.

Маршруттық желілер

«Сарыарқа» ауданының маршруттық желісін жаңғырту бойынша кешенді жұмыс жүргізілді.

«Көктал-2» тұрғын алабында біз алғаш рет қоғамдық тыңдау өткізіп, тұрғындардың өтініштерін тыңдадық және «Астана ЛРТ» ЖШС маршруттық желілерге кешенді талдау жүргізді.

Жалпы айтқанда, 9 автобустық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгертілді, бұл тұрғындардың автобуспен жүруіне ыңғайлы болды (№ 46, № 4, № 102, № 72, № 5, № 54, № 120, № 32, № 102).

Өткен жылы тұрғындар № 120 автобустық маршрутты ауыстыруды сұраған болатын, біз Hyundai County қозғалыс құрамын IvecoDaily-ға жаңарттық.

Сонымен қатар «Сарыарқа» ауданының 5 көшесі (Күршім, Құсмұрын, Тарбағатай, Ақмола, Қайнар) мен 2 учаскесінің (АрнайыХҚКО, «Көктал-2») көліктік қол жетімділігіне қатысты мәселе шешілді.

 

Аялдама кешендері

«Сарыарқа» ауданының аумағында барлығы 335 аялдама нүктелері бар, олардың 79-ы әйнектен, 120-ы темірден жасалған, 34-і жылы, 3-еуі басқа да материалдан (РТС Деко сауда аялдамалары), 99-ында аялдама кешендері жоқ (олардың 20-сы «Көктал-2» тұрғын алабында).

Қолайсыз климаттық жағдайларды ескере отырып, жылы аялдамалардың болуы маңызды екенін білеміз. Аудан аумағында жабық түрдегі 9 бірлік аялдама кешені (жылы) болды.

2018 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен аудан аумағында әлеуметтік және білім беру нысандарына жақын жерден 22 бірлік жылы аялдама орнатылды. Жеке инвестордың қаражаты есебінен 4 бірлік жабық түрдегі аялдама кешені (жылы) орнатылды (Сарыарқа даңғылы 5, «Парк Ин» қонақүйіне қарама-қарсы, Дүкенұлы көшесі 31, «Асем» СО аумағында, Біржан сал көшесі 6, «Дәулет» СҮ аумағында, Ш.Қосшығұлұлы көшесі 20). Осылайша, жылы аялдамалар саны 35 бірлікті құрады.

Бизнеспен бірге жаңа жылы аялдамаларды орнату жұмысын ағымдағы жылы да жалғастыратын боламыз.

Сонымен бірге біз 11 мекенжайға аялдау орындары мен алаңдары бар аялдама пунктерін салдық (Кенесары көшесі, №56 ОМ аумағында, Республика даңғылы – Ы. Дүкенұлы көшесі, № 2 қалалық емхана аумағында, ул. Окжетпес, «Гузаль» дүкені аумағында, Болашақ көшесі (соңғы), Бөгенбай батыр даңғылы, №18 ОМ аумағында, Алмалық көшесі, № 41 ОМ аумағында, Ардагерлер көшесі 11/1, Ардагерлер көшесі 33, А. Затаевич көшесі 3/1, Герцен көшесі 68, Шұғыла көшесі 23).

Сондай-ақ әлеуметтік және білім беру нысандарына жақын жерден 5 бірлік аялдама кешені (қарапайым) орнатылды (Кенесары көшесі, №56 ОМ аумағында - 2 дана, Республика даңғылы – Ы. Дүкенұлы көшесі, № 2 қалалық емхана аумағында, Оқжетпес көшесі, «Гузаль» дүкені аумағында, Абай даңғылы 19).

Аудан аумағында біз Кенесары көшесі 14 мекенжайына «Футбол добы» тақырыптық аялдамасын және Республика даңғылы 1 мекенжайына «BUS» әріптері бар аялдама орнаттық, бұл қаланың архитектуралық бейнесін креативті әрі қызықты ете түседі.

 

Бағдаршам нысандары

2018 жылы тұрғындардың өтініштері бойынша аудан жолдарының қозғалысы ең көп әрі қауіпті учаскелерінен жаяу жүргіншілердің өтуін реттеу мәселесі өз шешімін тапты. Ол жерлерде шақыру пернесі бар 4 бірлік бағдаршам нысаны Конституция көшесі, «Бахус» СО аялдамасы, Абай даңғылы, №60 (жаңа) ОМ аумағы, Абай даңғылы – А. Мамбетов көшесі, Кубрин көшесі – Күмісбеков көшелерінде қойылды.

Астанада алғаш рет Республика даңғылының бойында «Есил» СҮ мен «Талисман» дүкені аумағында пилоттық режимде 2 жаяу жүргінші бағдаршамын жаңғырттық, оларға тақалғанда жарқырау әсерін береді. Бұл бағдаршам нысаны ерекше жарықпен қамтылған және дауыс шығару көмекшісі бар. Аталған функциялар автокөлік жүргізушілеріне де көздері көрмейтін адамдарға да пайдалы.

2019 жылы жаяу жүргіншілер өтетін реттелмеген жолдарда 16 бірлік бағдаршам нысанын орнату жоспарлануда (Кенесары көшесінде № 56 мектебіне қарама-қарсы, Жангелдин көшесі (Күмісбеков көшесі мен Сарыарқа даңғылының арасы), Гетте көшесі - Біржан Сал көшесі, Гетте көшесі - (Автовокзал), Тілендиев даңғылы («Рахмет» СҮ), Московская көшесі (№ 51 балабақша), Конституция көшесі (т/ж колледж (ауыспалы), Московская көшесі – Хмельницкий көшесі (№ 14 ОМ), Қарасай батыр көшесі (Забава дүкені), Қарасай батыр көшесі (№ 2 балабақша), Қарталы көшесі - Қарасай батыр көшесі, Есенберлин көшесі (ҚазМЗУ колледжі), Дүкенұлы көшесі -Асем СҮ (Айманов көшесі мен Валиханов көшесі), Бейбітшілік көшесі – Омаров көшесі, Қарталы көшесі – Конституция көшесі, Дүкенұлы көшесі – Уәлиханов көшесі).

 

Заңсыз орнатылған металл гараждар мен павильондарды шығару

Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, аудан аумағында орналасқан, заңсыз орнатылған ынсандарды (металл гараждар, сауда павильондары мен дөңгелек жөндеу контейнерлері) шығарудың 2018 жылға арналған кестесін жасап, бекітті.

Кестеге сәйкес 159 металл гараж, 83 сауда павильоны мен дөңгелек жөндеу контейнерлері шығарылды. Бұл жұмысты 2019 жылы да жалғастыратын боламыз.

 

Кәсіпкерлік

Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау аудандағы қызметтің басты бағыттарының бірі болып табылады.

Қазір жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны – 35 571, оның ішінде заңды тұлғалар – 11 478, жеке кәсіпкерлер – 22 892.

«1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда, біз 177 жер учаскесін бөлдік, 153 павильон орнатылды, бұл 306 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.


Айта кететін жайт, өткен жылы біз елордамызхдың 20 жылдығын атап өттік. Барлығымыз осы маңызды оқиғаға дайындалдық. Сонымен бірге «Сарыарқа» ауданының да 20 жылдығын атап өттік. Мерекелік көңіл-күй тудыру үшін ауданды әртүрлі материалдан жасалған шағын сәулет нысандарымен, арка және шатыр түріндегі түнгі жарық беретін элементтермен безендірдік.

Өткен жылы біз жаңа 147 шығармашылық инсталляцияларын орнаттық, енді олардың саны аудан бойынша - 247. Барлық мүсіндер мен композициялар ауданымыздың көшелері мен скверлерінің көркін аша түсуде. Алдағы уақытта олар әртүрлі мектепке дейінгі ұйымдарға берілетін болады.


Біз халық ең көп келетін орынға айналған А. Мәмбетов көшесіндегі (Арбат) сауда орындарын кеңейттік. Арбатта жаңа кейіпкерлер мен нысандар пайда болды: көше шамдары – музыканттар, жеті корольдік тағы, «Битлз» тобының, «Періштенің қанаттары» мүсіндері орнатылды. Сондай-ақ дәстүр бойынша караокесі бар кинотеатр жұмыс істеді, биылғы маңызды матчтар мен жекпе-жектер тікелей трансляцияланды.


Есіл өзенінің жағалауын Рамстор көпіріне Сарыарқа көпіріне дейін безендірдік, онда жағалауды бойлай және Сарыбұлақ өзенінің жағалауына 260 бірлік флагшток қойылды.

Біз ландшафтық жарықтандыру элементтерін қолдандық, атап айтқанда Республика даңғылы, Қосшығұлұлы көшесі, Бейсеков көшесі, А.Мәмбетов көшесі, Сарыарқа даңғылы бойындағы ағаштарға жарық шамдарын орнаттық және олар жаңаша түрмен жарқырады.

Сонымен 2018 жылы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттардың сыртқы жарықтандырылуы жаңаша түрге енді. Енді жағалаудың архитектуралық жарықтарын ұялы тиелефонмен басқаруға болады, бұл қолданылатын түстерді қосу, сөндіруді және спектрді бақылауды жеңілдетеді.

 

Қоғамдық құқықтық тәртіп

Аудан тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі маңызды мәселлерді бірі саналады. 2018 жылы барлық сала бойынша қылмыс саны 31,3%-ға азайды. Әртүрлі жедел-профилактикалық, жергілікті- рейдтік іс-шаралар мен акциялар өткізілді. Нәтижесінде қоғамдық орындарда және көшелерде жасалған қылмыс саны 11,7%-ға, скверлер мен алаңдарда жасалған қылмыс саны 18,9 %-ға азайды.

Әлеуметтік блок



      Әлеуметтік саланы дамыту ауданның маңызды даму бағыттарының бірі болып саналады. Әлеуметтік-мәдени салада үлкен жұмыстар атқарылды. Біз шамамен 1000 мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткіздік.



Аудан аумағында жалпы білім беретін 32 мектеп, 30 мемлекеттік балабақша, 47 жеке балабақша мен 11 шағын орталық орналасқан.


2018 жылы аудан аумағында біз дарынды қыздарға арналған «Білім - инновация» лицейін, Абай даңғылынан 1200 орынға арналған мектепті және Қарталы мен Оқжетпес көшелерінің қиылысынан 1200 орынға арналған мектепті аштық.


Сонымен бірге ауданымыздың шамамен 600 оқушысы бірнеше рет республикалық конкурстардың финалистері мен жеңімпаздары болды.

Өткен жылы біз «Дәрігер біздің үйде» жобасын жүзеге асырдық, енді тұрғындар жолға шығып, уақыт шығындамайды, себебі дәрігерлер жақын жерде болады.

Аудан тұрғындары үшін Арбат мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен демалыс орталығына айналды. Арбаттың астаналықтар демалатын өте танымал орынға айналуы бізді қуантады.

Біз алғаш рет Мемлекет басшысы бекіткен Ұлттық домбыра күнін атап өттік, аргентиналық танго кешін, гитара кешін, сондай-ақ Виктор Цойды және Батырхан Шүкеновті еске алу кешін ұйымдастырдық.

Сонымен қатар біз «Тас, қайшы, қағаз» ойыны бойынша чемпионат өткізіп, оған 100-ден аса адам қатысты.

Өткен жылдың ең жарқын оқиғалары біздің есімізде. Қалалық алаңдағы гастрофэст және Бауырсақ-тайм.



Тамызда мектеп жәрмеңкесі өтізіліп, 400-ден аса жетім балаларға, тұрмысы төмен отбасылардың және көпбалалы отбасылардың балаларына көмек көрсетілді.

«Кітапханадағы түн» акциясын өткіздік. Қаламыздың кітап оқуды жақсы көретін тұрғындары мен қонақтары қаламыздың кітапханаларына келді. Олар үшін ағаш кесу және ою, фарфорға жазу, сурет салу мен тоқуды үйрету бойынша мастер кластар өткізілді. Кітап алмасу ұйымдастырылып, музыка, ән айтылып, өлең оқылды. Бұл акцияның мақсаты жастарды кітап оқуға тарту, оқу мәдениетін дамыту, сауаттылық, жаңа білім мен дағдыларды үйрену.

Салауатты өмір салтын ұстануды қолдау үшін Йога мен Цигун бойынша кәсіби жаттықтырушылар өткізетін тегін сабақтарды жалғастырдық. Қысқы кезеңде сабақтар «Астана» спорт кешенінде, жазда йога-паркте өтеді.   



Мемлекет басшысы атап өткендей, «Біз аға ұрпақты әрқашан құрметтейтін халықпыз».

Алғаш рет зейнеткерлердің бастамасымен Қарттар күніне орай, үш жүзден аса зейнеткерлердің қатысуымен флешмоб өтті.

Сіздердің арқаларыңызда біз көмек қажет аудан тұрғындары туралы жедел ақпаратты ала аламыз.

Сарыарқа аудананың Ардагерлер кеңесінің жанынан алғаш құрылған Ақсақалдар кеңесі жемісті жұмыс жасады. Оның құрамына елордамыз бен ауданымыздың дамуына ерекше үлес қосқан ауданның құрметті тұрғындары енді.

Ауданның зейнеткерлеріне тегін қызметтер ұсыну түрінде және ақша төлемдері негізінде, оның ішінде жолға және қалалық жолаушылар көлігіне төлемдер ұсыну арқылы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Қатты отын сатып алуға өтемақы жасалады.


Жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Егер 2017 жылы АӘК 55 отбасы алса, немесе 231 адам жалпы сомасы 6,8 млн.теңгеге, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 323 отбасы алды, бұл 1565 адам жалпы сомасы 63,8 млн.теңгеге.

Санаториялық-курорттық емдеу шарасымен 914 зейнеткер, 103 ҰОС адагері мен оларға теңестірілген тұлғалар, 1107 мүгедек қамтылды.

Көпбалалы аналарға 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мейрамына бір реттік ақша төлемі жасалып, жеңілдікпен жол жүру құқығы ұсынылды.


2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 18 анаға "Алтын алқа", 28 анаға "Күміс алқа" тапсырылды.

 



«Work center» жобасы туралы


Біз Астана қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп, қала халқының жұмысқа орналасуына жәрдемдесу бойынша жедел ақпарат беру мақсатында "Work center" атты стационарлық, ақпараттық пунктті аштық.

Тұрғындар мен қонақтарға ыңғайлы болу үшін ол «ескі» теміржол вокзалында орналасқан. Еңбекке орналасу мәселелері, 3000-нан аса бос жұмыс орнына онлайн табло, оқыту, экспресс-курстарды, қажетті мамандықтарды оқыту  жөніндегі оқу орталықтары, қайта даярлау бойынша толық ақпараттық қолдау бар. Ақпараттық орталық қызметкерлері түйіндемені дұрыс жазуға, қажетті кәсіпті таңдауға және т.б. көмектеседі.

Азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы

Азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінің 1286 өтініші (2017 жылы - 1304 адам) қаралды. Барлық өтініштер қаралып, тиісті жауаптар берілді. Жеке қабылдауға 224 адам келді.

Азаматтардың өтініштеріне жүргізілген талдау барысында әкімдік аудан тұрғындары үшін әрдайым ашық және қолжетімді екенін және әрбір келіп түскен өтініш назардан тыс қалмайтынын көрсетті.

 



Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец