Сарыарқа ауданы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі өтті

Сарыарқа ауданы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі өтті 21.01.2019

"Көктал-1" тұрғын алабында тұратындар бір-бірімен тату, бауырмал және қайырымды. Әдетте, олар осындай жақсы атмосферада қарсы алады. Менің халыққа есеп беру кездесуім биыл бірінші осы тұрғын алапта осындай керемет көңіл-күйде өтті. Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевпен және мәслихат депутаты Зулфухар Гаиповпен бірге өткен жылы жасалған жұмыстарды тұрғындармен талқыладық және болашақтағы міндеттерді анықтап алдық. Біз өткен жылы тұрғындардың барлық өтініштерін орындадық. Мысалы, олардың бірі - жолдарды жөндеу . 2018 жылы 12 көше асфальтталды, көптеген көшелерге жарық өткізілді, ал Күршім және Басир көшелеріне канализация жүргізілді. "Асар" оралмандар бірлестігінде сумен қамту, канализация жүргізу және электрмен қамтамасыз ету жұмыстары орындалды. 120-шы маршруттың ескі автобустарын жаңаға ауыстырдық және бұл соңы емес. Қаламызға келетін газдандыру осы "Көкталдан" басталады. Қазір үлкен парктің және жалпы тұрғын алаптың бүкіл инфрақұрылымын жақсарту құрылысы жүруде.
Бүгінгі есеп беру кездесуіме келген барлық тұрғынға шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Жылы сөздеріңізге рақмет, сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Ал, келе алмай қалғандар үшін біз кездесуден жасалған тікелеу трансляцияны ресми аккаунттарда сақтап қойдық инстаграмда - @saryarka.astana, фейсбукта - Акимат Сарыарка .
Ертең кезекті есеп беру кездесуі "Көктал-2" тұрғын алабында өтеді. Ауданның барлық тұрғындарын өзекті мәселелерді талқылап, 2019 жылға арналған жоспарларды бірлесіп анықтауға шақырамын. Мекенжайы: "Көктал-2" тұрғын алабы, Құсмұрын көшесі 2, 68-орта мектеп, сағат 15.00-де.

Арман Тұрлыбек, Сарыарқа ауданының әкімі




Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец