Бүгін ауданымыздың тарихи ғимараттарының бірі - "Жастар" театрында есеп беру кездесуі өтті

Бүгін ауданымыздың тарихи ғимараттарының бірі - "Жастар" театрында есеп беру кездесуі өтті 24.01.2019

Бүгін ауданымыздың тарихи ғимараттарының бірі - "Жастар" театрында есеп беру кездесуі өтті.

Кездесуде болғандар немесе тікелей трансляцияны көргендер жиынның динамикалық сипатта өткеніне келісетін шығар. Оның себебі айқын, біз аудан тұрғындарымен бір-бірімізді тыңдап үйренгенбіз, бір бағытта ойлап, жұмыс істейміз. Өткен жылғы нәтиже осыған куә. Біз бірлесіп көптеген мәселелерді шештік, ауданымызды айтарлықтай көркейте алдық. Біржан сал көшесіндегі апатты үйдің орнына тұрғындардың демалып, серуендеуі үшін "Шабадандар" скверін салдық. Алдағы жоспарымызда Молдағұлова мен Есенберлин көшелерінің бойынан тағы екі сквер салу бар. 2018 жылы Өңірлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Затаевич көшесі, 11 мекенжайындағы тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы аумақтағы 14 мекенжайға 83 "Сергек" бейнебақылау камерасы орнатылды.  Онда вокзал маңындағы көшелердің барлық криминогенді аулалары қамтылды. Өткен жылы мұнда 6 жылы аялдама орнатылды және біздің жұмыс осы айтылғандармен бітпейді. Ағымдағы жылы біз тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту жұмыстарын жалғастыратын боламыз . Гете мен Алтынсарин көшелерінің қиылысында мешіт құрылысы басталды, оның сыйымдылығы 700 адамға есептеліп жоспарланған. Өтініштерді талдау барысында түсінгеніміз, бұл аумақта үй жануарларын ұстайтын тұрғындар көп екен және олардың көпшілігі ит-күшіктерін серуендетуге орын бөлуді сұрайды. Ағымдағы жылы осы өтінішті орындап, арнайы алаң салып беруді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі есеп беру кездесуінде айтылған барлық тілектер мен қойылған сұрақтар ауданымыздың 2019 жылға даму жоспарында қарастырылатын болады.
Ертең кездесуге қатысқысы келетін барлық тұрғындарды мына мекенжайға шақырамын: 187-көше, №65 мектеп-гимназия. Сонымен бірге әрбір есеп беру кездесуі онлайн трансляциямен @saryarka.astana көрсетілетінін еске саламын, қараңыздар және ауданымыздың барлық жаңалықтарынан хабардар болыңыздар!!!



Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец