Құрметті Сарыарқа ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Сарыарқа ауданының тұрғындары мен қонақтары! 12.01.2019

Құрметті Сарыарқа ауданының тұрғындары мен қонақтары!!!
Міне, біздің 2018 жыл бойына жасаған жұмысымыздың қорытындысын шығаратын да кез келді.Осы кезең ішінде сіздер, ауданымыздың тыныс-тіршілігіне бей-жай қарамайтын, белсенді тұрғындар көп көмектесіп, қолдау білдірдіңіздер. Сіздермен бірге біз көптеген креативті идеяларды жүзеге асырдық, өткен жылға бекітілген барлық жоспарларды аяқтауға тырыстық, сондай-ақ биылғы жылы жүзеге асырылатын жаңа бірегей жобаларды да әзірлеп қойдық. Осылардың барлығы туралы 21-31 қаңтар аралығында өтетін есеп беру кездесулерінде айтқым келеді. Биыл сіздерге ыңғайлы болу үшін кездесулер саны көп болады, ауданымыздың барлық жерін қамту үшін 9 есеп беру кездесуі өтеді. Бұған қоса, әлеуметтік желілердегі біздің тіркелушілерімізбен жеке кездесу ұйымдастырғым келеді. Ауданымызды дамытуда сіздердің жедел кері байланыстарыңыз үлкен рөл атқарады. Қазіргі online кезеңде бұл өте маңызды, сондықтан сіздермен offline кездесетін де уақыт келді.
Ауданымыздың әрбір тұрғынын есеп беру кездесулерінде көргім келеді, сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз өте қажет. Сонымен бірге сіздер барлық қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтарыңызды маған қойып, ауданымыздың дамуының толық картинасын көре аласыздар. Бір-бірімізбен жақынырақ танысып, болашақтағы жоспарларымызды бірге талқылайық.




Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец