№65 мектеп-гимназияда кезекті бесінші кездесу өтті

 №65 мектеп-гимназияда кезекті бесінші кездесу өтті 25.01.2019

Бүгін №65 мектеп-гимназияда кезекті бесінші кездесуімді өткіздім.

Кездесуге мәслихат депутаты Саят Батпенов қатысты.
Тұрғындарға Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғызылған үйлер туралы, өткен жылы жасалған жұмыстар мен қол жеткізілген нәиижелер жөнінде жан-жақты әңгімеледім. Кездесуде ашық әрі жанды диалог орнады. Өйткені өткен жылы біз бірігіп көптеген мәселелердің шешімін таптық. Тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру мәселесі 10 жылдан аса уақыт шешілмей келген еді. Қала әкімдігінің қолдауымен біз мына көрсетілген мекенжайлардағы тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыруға кірістік: Қосшығұлұлы көшесі 19/2 және 19/3, Қосшығұлұлы көшесі 14, 16, С-409-көше 41-үй, 189-көше 5, 7, 9-үйлер, Қосшығұлұлы көшесі 7.
Өткен жылы осы аумақтағы үйлердің барлық аулаларын жарықпен қамтамасыз еттік. Барлық үйлерге аншлагтар орнаттық. Егер 2018 жылдың ішінде 4 мыңнан аса ағаш егілсе, соның жартысына жуығы осы аумақта өсіп тұр.
2-Алматы, 187, 1-Алматы көшелеріне жаңа асфальтты жолдар салынды, ал басты жол - Қосшығұлұлы көшесі Земляничная көшесіне дейін бұрынғыдан да ұзара түсті.
Жеке инвестициялардың есебінен 2018 жылы қаламыздың көрікті орындарының бірі - "Алланың гүлі" мешіті тұрғызылды. Осы учаскедегі үш мектепке кіретін жолдар жақсартылды, олар №65, №80 орта мектеп және өткен жылы дарынды қыздарға арналып ашылған "Білім-инновация" жаңа лицейі. "Бал Бала" балабақшасының жанында балалардың қауіпсіздігі үшін 167-көшеге жаяу жүргіншілердің өтуі үшін бағдаршам орнатылды. Бұл біз бірлесіп жасаған жұмыстардың бір бөлігі ғана. Бүгін жоспарымызды талқылап, жаңа міндеттерді анықтап алдық. Ағымдағы жылы да осы қарқынды жалғастыратын боламыз. Келесі есеп беру кездесуі 28 қаңтарда Кубрин көшесі, 21/1 мекенжайында орналасқан №60 мектеп-лицейде өтеді, басталуы сағат 15.00-де. Барлығыңызды күтеміз!

Арман Тұрлыбек, Сарыарқа ауданының әкімі





Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец