«Сарыарқа» ауданының әкімі Ерғали Егемберді аудан аумағындағы 28 құрылыс ұйымдарының өкілдерін жинады.

«Сарыарқа» ауданының әкімі Ерғали Егемберді, қала әкімі Алтай Көлгіновтың тапсырмасы бойынша, аудан аумағындағы 28 құрылыс ұйымдарының өкілдерін жинады.
⠀⠀⠀
Күн тәртібінде
1. Өндірістік жұмыстар барысында құрылыс нысандарында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау;
2. Құрылыс алаңдарының санитарлық жағдайы;
3. Инженерлік желілерді қаланың коммуналдық меншігі теңгеріміне беру.
⠀⠀⠀
Барлық мәселелерді қарау барысында аудан әкімі белгіленген мерзімде барлығын ретке келтіріп, кемшіліктерді жою жөнінде тапсырма берді.