Салық төлеушілер!

Салық төлеушілер!

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Салық төлеушінің кабинеті» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау арқылы сіз көптеген онлайн-қызметтердің түрлерін алуға болатынын хабарлайды.
Атап айтқанда, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар тіркеу мәліметтерін көре алу, жеке шоттар деректерін қарау, салық есептілігін уақытша тоқтата тұруға немесе ұзартуға, қайта бастауға, салық есептілігін қайтарып алуға, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді, салық режимін таңдауға болады және таратылуға байланысты құжаттық тексерудің жүргізілгендігі туралы ақпараттарды алуға болады. ҚР БСАЖ және БХМ-ден хабарлама алу, салықтық хабарламаларды автоматты түрде қабылдау механизімі жүзеге асырылған; салық төлеушіде тіркелген салық төленетін обьектілері туралы мәлімет алу; пластикалық картаңыз болған жағдайда бюджетке салық төлеу және басқа да міндетті төлемдерді жүргізе алу; заңды тұлғаның тіркеу мәліметтеріне өзгерістер енгізе алу және т.б қызметтер.
«Салық төлеушінің кабинетінде» жұмыс жасау үшін электронды кілтіңіз болу керек, сіз онымен электронды қызмет түрін пайдалану мүмкіндігіне ие боласыз. Ол үшін тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша мемлекеттік кірістер органына электронды салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салық өтінішін тапсыру қажет.



Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец