"Домбыра кеші"

26.07.2018 Достар, біз Сіздерге көше шығармашылығы үшін ауданымыздың аумағында тағы бір алаң ашылғанын мәлімдейміз. Шілде айында Жеңіс/Бөгембай көшесінде өз амфитеатры бар кереметтей "Ақжайық" паркі ашылғанын білесіздер. Музыка академиясының ректоры, музыка әлемінде өте сыйлы Айман Мұсаxоджаеваның қолдауының арқасында енді парк ерекше музыкалық сипатқа ие болып отыр. Бүгін, 28 шілде күні Музыка академиясының студенттері қала тұрғындары мен қонақтарын ұмытылмас "Домбыра кешіне" күтеді. Ұлттық аспапты ұнататындар мен оны құрмет тұтатындар домбыраның әуезді дыбысына қанық болып қайтады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, "Домбыра - бұл қазақтың жаны". Концерттің басталуы сағ. 19.00-де. Барлықтарыңызды студенттеріміздің бастамасын қолдап, тамаша концерттің тыңдарманы болуға шақырамыз. Ал көше музыканттарына өз шығармашылықтары үшін тағы бір орын ашылғанын xабарлаймыз. Сарыарқа әкімдігінен тікелей эфирді көріңіздер!


Новости 1 - 20 из 357
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец