"Медиация туралы" Заң медиаторлардың қатысуымен дауларды реттеудің және Қазақстанда медиацияны қалыптастырудың құқықтық негіздерін қалады.

"Медиация туралы" Заң медиаторлардың қатысуымен дауларды реттеудің және Қазақстанда медиацияны қалыптастырудың құқықтық негіздерін қалады. 02.08.2018

     Бүгін "Сарыарқа" ауданының әкімдігінде "Қазақстандағы Медиация күніне арналған Ашық есік есік күні" акциясы өтті. Іс-шараға "Сарыарқа" ауданы әкімдігінің өкілдері, "Кәсіби медиаторлар одағы" ӨҚҰ директоры Сара Идрисова, сондай-ақ ауданның білім беру ұйымдарының өкілдері, ауданның белсенді азаматтар пулы мен кәсіби емес медиаторлары қатысты. 

    Сара Идрисованың айтуынша: "Медиация туралы" Заң медиаторлардың қатысуымен дауларды реттеудің және әлеуметтік-құқықтық институт ретінде медиацияны қалыптастырудың құқықтық негіздерін қалады. Сонымен бірге Қазақстанда медиация оның басымдықтары жөнінде қоғамның аз хабардар болуына байланысты аса танымал емес. Қазақстандықтар, мысалы, медиация барысында қол жеткізілген келісім әрбір тараптың мүддесін қанағаттандыратынын және дауласушы тараптарды татуластыруға ықпал ететіні туралы толық білмейді"

     Сонымен бірге Сара Идрисова медиацияның негізгі мақсаты - бұл конструктивті шешімді іздеу, яғни медиация дауға қатысушылардың жеке мүдделерін қорғайды деді.

     Қазақстанда "Медиация туралы" Заң 2011 жылы қабылданды.



Новости 1 - 20 из 357
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец