Кәрімов Жүнісбек

Кәрімов Жүнісбек 09.05.2019

Кәрімов Жүнісбек
⠀⠀⠀
Кәрімов Жүнісбек 1926 жылы 20 наурызда Ақмола облысы Буденый ауылында қазіргі Қажымұқан ауылында дүниеге келген.
⠀⠀⠀
1944 жылдың желтоқсанында Қызыл Әскер қатарына шақырылып, Берлинге жіберіледі және сол жерде қиян-кескі ұрыстарға қатысады.
⠀⠀⠀
Жарақат алып, госпитальда емделіп шыққаннан кейін Белоруссияда қызмет етеді. Әскери училищеге түсіп, Орша қаласында қызметін жалғастырды. 1951 жылы әскерден елге қайтарылып, Қазақстан теміржолының дабыл беру және байланыс дистанциясында (ШЧ-15) механик болып жұмыс істеді.
⠀⠀⠀
Отан соғысы орденімен, Жауынгерлік еңбегі үшін медалімен және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған.



Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец