Бүгін Медицина университетінде Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жиналыс өтті.

Бүгін Медицина университетінде Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жиналыс өтті. 19.10.2018

Бүгін Медицина университетінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жиналыс өтті.

Іс-шараға аталған оқу орнының педагогикалық құрамы мен студенттері қатысты. Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында "Еліміздің орнықты дамуы өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруға деген зор сенім ұялатады. Біз жаңа міндеттерді атқаруға дайынбыз" деп атап айтты. Талқылауға ҚР Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің басқарма басшысы Қыдырбаева Нурила Тұрдақынқызы, Медицина университеті ректорының міндетін атқарушы Жақсылықова Гүлнар Әділханқызы, Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Сматова Бағлан Қасенқызы қатысты. Қатысушылар баяндамаларында Мемлекет басшысының Жолдауда "Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналады" деп атап көрсеткен алтыншы бөліміне ерекше тоқталып, медицина қызметкері өзінің міндеттерін орындай жүріп, Жолдауда аталған міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салуы тиіс екенін баса айтты. Сонымен бірге бағдарламалық құжатқа сәйкес, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлер - учаскелік дәрігерлер мен мейірбикелер 2019 жылдан бастап жалақыны 20 пайызға көбейту арқылы лайықты қаржылай қолдауға ие болады. Ал 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттары жасалатын болады. Іс-шара соңында Жолдауды іске асыру қазақстандықтардың денсаулығын нығайтуға және сақтауға көмектесіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң ықпалын тигізетіні туралы айтылды.

25.02.2020
ANTIKOR ORTALYGY