Бүгін Ұлы Отан соғысының қатысушысы 95 жасқа толды!

Бүгін Ұлы Отан соғысының қатысушысы 95 жасқа толды! 28.11.2018

Біз Деркачева Антонина Петровнамен кездесуден өте керемет сезімге бөлендік. Бүгін Ұлы Отан соғысының қатысушысы 95 жасқа толды!!!

Ауданымыздың Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахметов Ғаббас Елемесұлымен туған күн иесіне тосынсый жасаймыз деп шешіп, оның үйіне ұзақ жылдар бойы басшысы болған, Ұлы Отан соғысының ардагері Кочетков Михаил Петровичпен бірге қонаққа бардық. Жанға жайлы, көңілді кездесу өтті. Ардагерлердің жылы естеліктері мен жарқын күлкілерінен мен көз алдымда жұмысты талқылап, жоспарларымен бөлісіп отырған жас әріптестерді көргендей күй кештім. Осындай кездесулер әрдайым жанға жылу, қуаныш сыйлайды. Антонина Петровна, Сізге рақмет! Сізге деген құрметіміз шексіз!!!

Арман Турлубек



25.02.2020
ANTIKOR ORTALYGY