Бүгін еліміз Құтқарушылар күнін тойлауда!

Бүгін еліміз Құтқарушылар күнін тойлауда! 19.10.2018

Бүгін еліміз Құтқарушылар күнін тойлауда!

"Алдын алу, құтқару, көмектесу" - бұл құтқарушылардың жасырын ұраны. Олар осы ұранды ұстанып, күн сайын өрт апаттарын жоюға, әртүрлі төтенше жағдайларды болдырмауға атсалысып, арасында өз өмірлерін де қатерге тігеді. Ержүректік, ерлік, көмекке бірінші келуге дайын болу - осы қасиеттердің барлығы абырой-атақ пен құрметке лайық. Бұл күні Астана қаласы ТЖ департаментінде салтанатты жиналыс өтіп, оған азаматтық қорғаныс ардагерлері, департамент басшылығы, астаналық гарнизонның жеке құрамы қатысты. "Сарыарқа" ауданы әкімі аппаратының атынан астаналық құтқарушыларды аппарат басшысы Жансұлтан Сапарбаев құттықтады. Ол өзінің құттықтау сөзінде құтқарушыларға ерекше ризашылығын айтып, олардың әрбір құтқару операциялары сәтті аяқталуына тілектестігін білдірді. Одан кейін кәсіби мерекеге орай, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жүйесін дамыту мен нығайтуға белсене қатысқаны және Қазақстан Республикасында өмір тіршілігі қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде қол жеткізген жетістіктері үшін қызметкерлерді марапаттады.


25.02.2020
ANTIKOR ORTALYGY