Бүгін Астананың 20 жылдық меркесі күні

02.07.2018 Бүгін Астананың 20 жылдық меркесі күні қала әкімі Әсет Исекешев ашық аспан астында біз ұйымдастырған "Елбасы - Елорда" Қазақстан Республикасының елордасы - Астананың қалыптасуы және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оны қалыптастырудағы маңызды рөлі" фотокөрмесін ашты. Бұндай ерекше көрме ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы алдында орналасқан. Серуендеу аймағы қала тұрғындары мен қонақтарының ақпараттық-демалысына арналған.  Бұнда жарық беретін 30 пилон орналастырылған, онда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы тарихи және мәдени-танымдық материалдарды көрсету үшін 186 фото салынған!!! Кейбір фотолар ешбір жерде көрсетілмеген.
Фотокөрмені көргісі келетіндер кез келген уақытта, түнде де келуіне болады, ол  жарық беретін пилондардың әсерінен айрықша әдемі көрінеді! Келіңіздер, күтеміз!!!


Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец