Аталарымызға мың алғыс

Аталарымызға мың алғыс 03.05.2019 ⠀⠀⠀

Кашеков Жапаш
⠀⠀⠀
1926 жылы 28 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Амангелді атындағы ауылда дүниеге келген.
⠀⠀⠀
1945 жылы Қиыр Шығыс майданына шақырылып, №50 запастағы атқыштар полкіне 3 ротаға атқыш ретінде қабылданады.
Соғыстан кейін қызмет етуге қалып, 50-ші атқыштар полкінің құрамында Жапониямен шайқасқа қатысқан.
⠀⠀⠀
1950 жылы әскерден елге оралды. Амангелді колхозында отбасы мен Отан игілігі үшін шаруашылықты көтеріп, малшы, содан кейін жүк автомобилінің жүргізушісі болып жұмыс істеді.
⠀⠀⠀
1962 жылы құрметті демалысқа шықты. 10 бала тәрбиелеп отыр.
⠀⠀⠀
ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, "1941-1945 жж. соғыс ардагері" белгісі және басқа да мерейтойлық медальдары бар.
⠀⠀⠀



Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец