Астанада жаз қысқа болғанымен, мәнді де мағыналы іс-шараларға толы өтеді.

02.07.2018 Астанада жаз қысқа болғанымен, мәнді де мағыналы іс-шараларға толы өтеді. Осындай ауа-райында тұрғындардың көпшілігі жұмыс күніне қарамастан қалада серуендеп, астаналықтардың демалыс орталығына айналған Арбатқа да келеді. Бұл жерде балалардың ойын алаңы ғана болмаған еді. Ата-аналар Арбатта күн сайын өтетін мәдени іс-шараларды тамашалаған уақытта балалардың көңілін аулайтын орын керек. Бүгін осы ауданда қыдырғандар енді ғана орнатылған жаңа форматтағы балалар алаңында ойнап көрді. Қауіпсіз резеңке төсеніші бар сүйікті ойын кешені балалардың назарын аудартпай қоймайды! Ата-аналар балаларға жай ғана қарап отырмас үшін жанына тренажерлар орнаттық. Ол да Астанада қазіргі кезде өте танымал. Балалар да риза, ата-аналар да бақытты! Сонымен, Арбатқа бүкіл отбасымен келіңіздер, достар! Мұнда әрқайсысыңыз өзіңізге ұнайтын іспен айналыса аласыздар!


Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец