2019 жылдың 1 мамырынан 8 тамызына дейін Қазақстан Республикасының азаматтары "Чек талап ет те – жүлде ұтып ал"акциясына қатыса алады.

2019 жылдың 1 мамырынан 8 тамызына дейін Қазақстан Республикасының азаматтары "Чек талап ет те – жүлде ұтып ал"акциясына қатыса алады. 03.08.2019 ⠀⠀⠀

Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп өткізеді.
Акция барысында еліміздің әрбір тұрғыны кез - келген сатып алу немесе ақылы қызмет алу арқылы смартфонның иесі болуға мүмкіндік алады.
⠀⠀⠀
Кең ауқымды республикалық акцияға кез келген тауарларды сатып алу, жұмыстарды және қызметтерді алған кезде онлайн-кассалық машинаның чектерін алған Қазақстанның 18 жастан асқан барлық азаматтары қатыса алады.
⠀⠀⠀
"Таңдау "тегін мобильді қосымшасы Google Play market және App Store-да жүктеу үшін қолжетімді. Оған қатысушының мәліметтерін және алынған чекті тіркеу қажет.
⠀⠀⠀
Акция шарттары бойынша, чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмейді.
Акцияның толық шарттары мен қосымшамен жұмыс істеу нұсқаулығын науқан сайтынан көруге болады. www.trebui.kz.