10 қазанда Қазақстанда Мүгедектер күні аталып өтеді

10 қазанда Қазақстанда Мүгедектер күні аталып өтеді 10.10.2018

10 қазанда Қазақстанда Мүгедектер күні аталып өтеді.


Бұл күні тағдырындағы қиындықтарға қарамастан салауатты өмір салтын белсенді ұстанып, басқаларға шыдамдылық пен төзімділіктің үлгісін көрсетіп жүрген адамдарға сый-құрмет көрсетіледі. Мүгедектер күні мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемаларына көңіл бөлуге арналған. Бұл атаулы күн көмек пен қолдауға зәру адамдардың өміріне бей-жай қарамайтындардың барлығын, олардың ерлігіне, табандылығына, таланты мен ерекше қабілеттеріне бас иетіндерді бір арнаға біріктіреді. "Сарыарқа" ауданы әкімдігінің қызметкерлері бұл күні біздің ауданда тұратын 50 мүгедекке көмек көрсетіп, азық-түлік салынған пакеттерді табыстады. Біздің қоғамда мүгедектерге қатысты адамгершілік атмосферасын қолдай отырып, күнделікті өзекті мәселелерін шешуге тиісінше назар аудару, осылайша мейірімділік пен қамқорлық сезімін көрсету игі дәстүрге айналады деген сенімдеміз. Сонымен бірге әрқайсымыз бұл іске қайырымдылық пен адамгершілік тұрғыда үлес қосатынымызға сенемін.



25.02.2020
ANTIKOR ORTALYGY