Жоғары аталғандарға байланысты, аталған қызмет түрімен айналасатындар онлайн бақылау - кассалық машинасын қолдануы тиіс.

25.06.2019

Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 758 бұйрығына толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

Онлайн режиміне бақылау-кассалық машиналары міндетті түрде пайдалану келесі қызмет түрімен кеңейтілді.
1. Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату
2. Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу
3. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату
4. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату
5. Сусындарды көтерме саудада сату
6. Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату
7. Тоқыма бұйымдарын сату
8. Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату
9. Киімдерді сату
10. Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату
11. Сағат және зергерлік әшекейлерді сату
12. Ломбард қызметі
13. Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі
14. Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару
15. Жарнама агенттіктерінің қызметі
16. Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі
17. Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі
".
Жоғары аталғандарға байланысты, аталған қызмет түрімен айналасатындар онлайн бақылау - кассалық машинасын қолдануы тиіс.



Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец