"Сарыарқа" ауданы әкімінің аппаратында кеңес болып өтті.

 "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппаратында кеңес болып өтті. 07.11.2018

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың хаттамалық тапсырмасын орындау және "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппаратында аталған бағдарламаны шағын және орта бизнес өкілдеріне түсіндіру бойынша кеңес болып өтті. Іс-шараға "Сарыарқа" ауданы әкімінің орынбасары Талғат Рахманберді қатысты, "Елорданың терроризмге қарсы паспорты" жобасының жетекшісі Сисембин Қайырбек баяндама жасады. Ол өз баяндамасында ғимараттар мен құрылыстарды цифрландыру тетіктерін, сондай-ақ террористік қатынастарға осал объекттерді техникалық пайдалану процесіне жобаны ықпалдастыру рәсімдерін түсіндірді. Кездесу барысында тағы бір тақырып ретінде аудан халқының жұмысқа орналасуы мәселесі көтерілді. Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының өкілдері жақын арада ашылатын "Сарыарқа" Жұмыспен қамту орталығының" ашылуы туралы ақпаратпен бөлісті, оның міндеті қала халқының жұмысқа орналасуына жәрдемдесу және жедел ақпарат беру болып табылады.




25.02.2020
ANTIKOR ORTALYGY