Тағы бір жылы аялдама, бюджеттің қаражатынсыз!!!

28.05.2018 Біржан Сал көшесі мен Жеңіс даңғылының тұрғындары үшін жақсы жаңалық. Өздеріңіз таңертең байқаған шығарсыздар, осы аумаққа жаңа форматтағы жылы аялдама орнатылды және жақын уақытта ашылатын болады. Бұл біздің "Астана" ӘКК АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Baurzhan Kankinмен және кәсіпкерлермен бірлескен жұмысымыздың нәтижесі! Ауданымыздағы екінші жылы аялдама да кәсіпкердің қаржысына салынды, енді ол осы аялдамада бизнесін жүргізеді. Бірінші аялдама Кенесары көшесі/Сарыарқа даңғылы бойында орнатылған еді. Бұл аялдамалардың бұрынғы аялдамалардан айтарлықтай ерекшелігі бар, жаңа жылы аялдамаларда бизнес жүргізуге болады, яғни ыңғайлы жағдай, ұзақ мерзімге жалға алу, жарнама мен сауда қызметін жүзеге асыру... Алдыңғы посттарда бұл жөнінде толық жазған болатынбыз↪ Ең бастысы, біздің бірлескен жобамыздың пайдасын тек осы көшелердің ғана емес, бүкіл қала тұрғындары көретін болады! Жаңа аялдаманың орнында болған Біржан Сал көшесіндегі аялдама тұрғындардың өтініші бойынша Шевченко/Кенесары көшелеріне ауыстырылды, ол жерде бұған дейін мүлдем аялдама болмаған екен. Осылайша, екі есе пайдалы болмақ!


Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец