Тұрғындар арасындағы сауалнама!!!

Тұрғындар арасындағы сауалнама!!! 16.07.2018

Тұрғындар арасындағы сауалнама!!!
Біз ауданымыздың барлық тіршілік салаларында әрдайым жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға тырысамыз. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына да қатысты. Естеріңізде болса, Сарыарқа даңғылы 11 және 15 мекенжайлары бойынша үйлердің аулаларына өткен жылдың соңында пилоттық режимде жерасты қоқыс контейнерлерін орнатқан болатынбыз. Тұрғындардың пікірлеріне қарағанда жаңа үлгідегі контейнерлер тиімдірек саналады. Сондықтан біз келіссөздер жүргізіп, инвестор - "Clean City NC" компаниясы аталған істі жалғастыратын болды. Ол біздің ауданда 10 жерасты контейнерлерін мына мекенжайларда орнатады: Шевченко көшесі 8, Кенесары көшесі 1, Сарыарқа даңғылы 3, Абай даңғылы 18. Сонымен қатар мамыр айында Қосшығұлұлы 25 мекенжайына контейнерлер алаңының жаңа дизайнын жасап, орнатқан болатынбыз. Оның сырты ағаш түстімен қапталып, ақпараттық тақтайша қойылған және оның түсі мен тиімділігі бойынша тұрғындардың пікірлерін білу мақсатында тестілеуден өткіздік. Жақында тұрғындардың жауаптарын алып, нәтижесінде "ағаш түсті" қалалық форматқа келмейтінін, ашық металлдың кіршең болатынын, жалпы фонда оның айқын көрініп тұратынын және "қоқыс жәшіктері" көзге байқалмайтындай болу керектігін білдік. Сонда да менің жеке өзіме осы ұнайды. Бүгін біз жақын уақытта аулаларға қойылатын жәшіктердің дизайнын, оның алаңының түсін таңдау, сондай-ақ анықтама тақтайшаларына не жазу керектігін білу үшін тұрғындармен кеңескіміз келеді. Комментарийлерге Сізге ұнаған түстің нөмірін белгілеуіңізді немесе өз нұсқаңызды жазуыңызды сұраймыз. Көп дауыс санымен таңдалған нұсқаны дайындауға жібереміз. Сонымен бірге бүгінгі күні біз дәстүрлі контейнерлік алаңдарды ауданның 68 мекенжайына қосымша қойдық. Көктал 1, Агроқалашықтағы алаңдарды жөндеуді аяқтадық, енді Көктал 2-ге 40 жаңа алаң орнатуға кірісеміз.
Дәстүр бойынша САУАЛ, тағы да қай жерде контейнерлік алаңдарға жөндеу жүргізу қажет?



Новости 1 - 20 из 357
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец