Тұрғын жер үйлерде өрт қауіпсіздігі

Тұрғын жер үйлерде өрт қауіпсіздігі 27.09.2019 26 қыркүйекте Астана қаласы ТЖД "Сарыарқа" ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері Басқарма бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қ. Қ. Тоқсариннің басшылығымен жеке секторда БАҚ қатысуымен рейд өткізді.
Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД –нің күнделікті жұмысында тұрғын жер үйлерде өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету бір өткір мәселелерінің бірі болып тұр,- деп атап өтті Қ.Қ.Тоқсарин өз сөзінде
Рейд барысында адамдармен жылыту маусымына дайындық туралы әңгіме жүргізілді, пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша жадынамалар таратылды.
Әрбір үйге кіре отырып, бірінші кезекте пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу мәніне жылыту пештері тексеріліп, оларды жою бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар көмір мен отынды сақтау ережелері жеткізілді.
Рейд жүргізу барысында үш көп балалы отбасы анықталды, оларға бірден тұншықтырғыш газ датчиктері орнатылды. Осылайша, 2019 жылы "Сарыарқа" ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері көп балалы және аз қамтылған отбасыларына 914 датчик орнатылды, қалған жағдайларда оларды орнату бойынша ұсыныстар беріледі.
Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД отпен және өрт қауіпті заттармен өте сақ болуға кеңес береді, себебі сыртқы ауа температурасының төмен болуы кезінде жоғары қауіптілік көздері - пешпен жылыту, газ және электр жабдықтары болып табылады.
Өз үйлеріңізде өртті болдырмау үшін мүлдем қиын емес өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау керек:
- жанып жатқан пештерді және қосылған электр аспаптарын қараусыз қалдырмау;
- балалар мен іс-әрекетке қабілетсіз отбасы мүшелеріне жылыту және жылыту құралдарын бақылауға жол бермеуге;
- пештің қызуына жол бермеу;
- бір мезгілде бірнеше қуатты тұрмыстық құралдарды қоса алғанда, электр сымдарын шамадан тыс жүктеуге болмайды;
- электр құралдарын тек нұсқаулыққа сәйкес пайдалану;
- қолдан жасалған жылытқыштарды және қолдан жасалған басқа да электр құралдарын пайдаланбау қажет.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖ басқармасы