"Сарыарқа" ауданы тұрғын үйлерінің 97%-ы жылыту маусымына дайын.

06.08.2018

     Қыстың қамын жазда ойла дегендей, "Сарыарқа" ауданының тұрғын үй алабында алдағы жылыту маусымына дайындық жүргізілуде. Батареялардың мықтылығы тексеріліп, тотықтардан тазартылды, қажет жерлерінде тозған бөліктері ауыстырылды. Бүгінгі күні түрғын үйлердің 97%-ы қысты қарсы алуға толық дайын, бұл "Сарыарқа" ауданы бойынша 820 үйдің 794-і. Білім беру, мәдениет, аурухана, емхана нысандары 2018-2019 жылыту маусымына 100% дайын.


     Сонымен қатар жылуды қамтамасыз ету көздеріне - қазандықтар, құбыр желілері және басқаларға кешенді профилактика жүргізілді. Жалпы, алдағы күзгі-қысқы жылыту кезеңіне дайындық бекітілген кестеге сәйкес өтуде.



Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец