Астанада картиналар салынған үй пайда болды.

06.08.2018

     Міне, осылайша көше өнерінің Urban Art Astana халықаралық фестивалі де аяқталды. 15 маусымда басталған фестиваль қаламызға қазақстандық және шетелдік суретшілердің 8 ғаламат жұмысын тарту етті. Астаналықтар көптеген сурет граффитимен танысты және бүгін де қаламыздың тұрғындары мен қонақтары үшін жағымды жаңалық бар. Арбаттың бір бөлігі ретінде жалғасып жатқан Мәмбетов көшесі, 5 мекенжайы (Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейін) тұтас бір өнер туындысына айналуда. Қалалық Арбат одан сайын ұзарып келеді!!! Кеше кешке біз осы үйді безендірудің соңғы жұмыстарын аяқтадық. Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайынан жиналып алынған қазақстандық өнер классиктерінің туындыларымен безендірілген бұл мекенжай ашық аспан астындағы тұтас галереяның көрінісі іспетті. Бұнда сіздер біздің танымал авторлардың жұмыстарына тәнті бола аласыздар. Олар: Тұрсын Абуов, Әбілхан Қастеев, Гүлфайрус Исмаилова, Шаймардан Сариев, Ғани Баянов, Мария Лизогуб және Айша Ғалымбаева. Негізінен кеңсе ғимараттары орналасқан тыныш көшедегі бұл үй жақын арада "Картиналары бар танымал үй" деген атауға ие болады деп ойлаймын. Енді бұл жер тұрғындарымыз бен қала қонақтары міндетті түрде серуендейтін бағыт болары сөзсіз!














Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец