Тұрғындар аудан әкімінің барлық келген адамды қабылдайтынын біледі

Тұрғындар аудан әкімінің барлық келген адамды қабылдайтынын біледі 18.10.2018 Біздің ауданның әкімі Арман Тұрлыбекпен кездесіп, өздеріңізді толғандырған сұрақтарды қою үшін әрбір бейсенбі күні "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппаратында өтетін жеке қабылдауға келу керек. Тұрғындар аудан әкімінің барлық келген адамды қабылдайтынын біледі. Бүгінгі кездесуде әлеуметтік сипаттағы мәселелер көтерілді. Атап айтқанда ПИК жұмысы, жол жөндеу тұрғысындағы сұрақтар қойылды, сондай-ақ ауданымызда өтіп жатқан өзгерістерді үнемі қадағалап отыратын белсенді азаматтар ауданды жақсарту жөніндегі ұсыныстарын да айтты. Тұрғындардың әрбір өтінішіне жауап беріліп, түсіндірулер мен ұсынымдар айтылды. Бөлім басшылары тұрғындардың мәселелерін жедел шешу үшін нақты тапсырмалар алды. Сонымен бірге азаматтардың барлық арыз-өтініштері ерекше бақылауға алынды. Жеке қабылдау әрбір бейсенбі күні сағат 16.00-ден бастап алдын ала жазылусыз, соңғы кезектегі тұрғынға дейін жүргізіледі.



Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец