Салық төлеушілерге

16.01.2020 Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) жаңа өзгерістері бойынша республикалық науқаны Нұр-Сұлтан қаласы, Н.Тлендиев даңғылы, 15 үй мекен-жайында орналасқан «Рахмет» сауда үйінде 2020 жылдың 17 қаңтарының 15.00 сағатта өткізілетінін хабарлайды.
Науқан «Адалдық алаңы» ұранымен Қаржы министрлігі қызыметінің қол жетімділігі мен ашықтықтығын насихаттау мақсатымен, «Қаржы министрлігі – Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің жұмысы шеңберінде халықтан келіп түсетін ұсыныстар мен сұрақтарға уақытылы жауап беру үшін өткізіледі.


Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы