«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» 19.12.2019

2019 жылды қорытындылай отырып, қыркүйек айындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы аясында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасын іске асыру барысында Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық әкімдігі келесі жұмыстарды атқарды.


Азаматтардың сұраныстарына құлақ асып жедел әрі тиімді әрекет ету мақсатында негізгі жеті бағыт бойынша жұмыс жолға қойылды. 


1. 22 мыңнан астам оқырмандарымыз бар ең танымал әлеуметтік желілер (Instagram, Facebook және Telegram) арқылы аудан тұрғындарын толғандыратын барлық мәселелер бойынша толығымен кері байланысқа ие болдық.


2. Ауданды жаяу аралау барысында аудандағы санитарлық тазарту бойынша шағымдарға уақытылы назар аударып, оны дер кезінде шешуге тырысамыз. Жаяу аралап жүріп аудан тұрғынымен кездесеміз.


3. Аудан тұрғындарымен дұрыс диалог жасаудың негізгі құралы – азаматтарды қабылдау арқылы 2000 астам аудан тұрғындарын қабылдадық, бізде ол әртүрлі форматта өткізіледі. Қосымша, аудан тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Көктал 1, Көктал 2 және Агроқалашық тұрғын үй алаптарына барып кездесу үшін көшпелі қабылдауларды енгіздік.
Тұрғындар қаламыздағы барлық төрт ауданның әкімдіктерінде барлық қалалық басқармалар, департаменттер, прокуратура, полиция және басқа да ұйымдардың өкілдеріне алдын ала жазылмай, жүгінуге мүмкіндік болатын «Ашық әкімдік» форматы да өзінің тиімділігін көрсетті.


4. Қазіргі таңда қаламыздағы Ikomek жүйесі айналасына болып жатқан жағдайға бей-жай қарай алмайтын, белсенді тұрғындар үшін бірегей мүмкіндік жасады. Осы жүйе арқылы туындаған тұрмыстық және басқа да сипаттағы жеке және жалпы проблемалар туралы жергілікті мемлекеттік органдарға жедел хабарлай алады.
Жыл басынан бері ауданымызға қатысты 13 мыңнан астам өтінімдер өз шешімін тапты. Бұл өтінімдердің көбі коммуналдық шаруашылық (6 582 – 51%) және абаттандыру (3 301 – 25,6%), тіршілікті қамтамасыз ету (13,2 %), ішкі саясат – (6,5%) және т.б. салаларға қатысты.


5. Front-office (2018 жылғы қараша) ашылған кезден бастап аудан әкімдігі, қалалық басқармалар мен мемлекеттік қызмет көрсететін, басқа да ұйымдардың мамандары 29 мыңнан астам азаматтарға қызмет көрсетіпті.


6. Әкімдік азаматтарды қала өміріне қамқорлық көрсетуге тарту арқылы жалпы саны 50 мыңнан аса адамдар қатысқан plogging, ағаштар егу және сенбіліктер сияқты бұқаралық іс-шаралардың жаңа және ескі форматтары пайдаланады.
Аудан тұрғындарының мұндай іс-шараларға тікелей қатысуы өз қолдарымен еккен талдарға және өз ауданының тазалығына барынша ұқыпты қарауға ынталандырады. Ата-аналар, ата-әжелер балаларды ертіп әкеліп, талды қалай отырғызу, оған су құйып, күтуді көрсетіп, өз үлгі-өнегесін көрсеткені қуантады.


7. Жеке телефонды интернетте жариялау басында жұмыс уақытын жоспарлау тұрғысынан көп қиындықтар туғызды, күніне 50-80 қоңырау түсіп, хабарласқандардың проблемаларын жедел шешу қажеттігі туындады.
Бірақ аталмыш проблема шешімін тапқаннан кейін, қоңыраулар саны азайды және жұмыс уақытын жоспарлау әдеттегі жайына қайта оралды.
Сондай-ақ «Front office» жобасын енгізу жұмыс кеңістігін оңтайландыруға және жыл сайын 38 млн тг. үнемдеуге мүмкіндік берді. 


Осының арқасында әкімдік басшылығы енді ғимараттың бірінші қабатындағы шыныланған кабинеттерде орналасқан және әр тұрғын рұқсаттама қағазынсыз және алдын ала жазылмай-ақ келе алады.