Азаматтарды қабылдау

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Серик Багдатович Манзоров 2019 жылғы 06 желтоқсан күні сағат 10:00-12:00 Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы, 52 үй, 204 кеңседе ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің өкілі Дана Муканбедиевамен бірлескен азаматтарды қабылдауды өткізеді.
Егер Сізде Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметіне және оның қызметкерлеріне қатысты түйткілді сұрақтар мен мәселелер туындаса, Сізді жеке қабылдауға шақырамыз.
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
