Арман Тұрлыбек жұмыс кестесіне сәйкес жеке қабылдау өткізді.

Арман Тұрлыбек жұмыс кестесіне сәйкес  жеке қабылдау өткізді. 10.01.2019

"Сарыарқа" ауданының әкімі Арман Тұрлыбек жұмыс кестесіне сәйкес "Нұр Отан" партиясының ғимаратында азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Бүгінгі кездесуде әлеуметтік және тұрғын үй бағытындағы негізгі тақырыптар қозғалды. Тұрғындар аудан басшысынан кеңес алуға келді және ескі, апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді сүріп тастау туралы сұрақтарын қойды. Азаматтардың әрбір өтініші бойынша жауаптар мен ұсынымдар берілді. Барлық сұрақтар бақылауға алынды.
Еске саламыз, айдың әрбір екінші бейсенбісінде аудан әкімі Арман Тұрлыбек "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.



Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец