"Дәрігер үйде"

17.07.2018

Біздің ауданда "Дәрігер үйде" атты алғашқы жоба жүзеге асырылды. Енді көптеген тұрғындар жолға шығып, уақыт кетірмейді, себебі дәрігерлер үйлеріне жақын жерде болады!!!
Аталған жобаның ашылуына қала әкімі Әсет Исекешев және ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Yelzhan Birtanov қатысты. "Дәрігер үйде" Отбасылық денсаулық орталығы Боталы көшесі, 26 мекенжайында ашылды және сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін екі ауысымда жұмыс істейді. Бұл орталық 8000 адамға қызмет көрсетеді. Терапевт, педиатр кабинеттері, емшара және екпе салу кабинеттері бар. Сонымен бірге дәрігерге дейінгі көмек және қарау кабинеттері қарастырылған, онда профилактикалық скринингтік тексеру мен қажет жағдайда жедел жәрдем көрсетілетін болады. Кабинеттер медициналық құрал-жабдықтармен, атап айтқанда ЭКГ, экспресс тест анализаторлары, пикфлоуметр, пульсоксиметр секілді құралдармен жабдықталған. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудегі тағы бір маңызды мәселелердің бірі амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты "осында және қазір" тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектер берілетін болады. Бұл біздің ауданда ашылған алғашқы орталық, ол Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен және #4 қалалық емханамен бірлесе отырып ашылды. "Дәрігер үйде" жобасын одан әрі жүзеге асыру үшін бизнес құрылымдарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз.



Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец