Сауда объектілері

Сауда объектілері 30.09.2019

Сауда объектілері - бұл күнделікті мыңдаған адамдар, әсіресе үлкен қалаларда келетін орын. Қандай да бір тауарларды сатып алу кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі тікелей объект әкімшілігіне жатады. Осыған байланысты «Сарыарқа» ауданы ТЖ басқармасы қызметкерлерімен халық көп жиналатын жерлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізілуде.

Адамдар көп жиналатын объектілерде жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында Сарыарқа ауданының ірі сауда үйлерінде ауқымды жұмыс жүргізілді. Іс-шара жүргізі барысында сауда үйлердің қызметкерлері мен әкімшілігімен өрт қауіпсіздігі шаралары мен талаптарын сақтау бойынша сұхбат пен нұсқаулық өткізілді, сонымен қатар өртсөндіргішпен қолдану ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ сатып алушылар да тыс қалмады, оларға тұрмыста және жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша жадынамалар табыс етілді.

Сіздің өміріңіз, сіздің қолыңызда екенін есте сақтаған жөн!!!

 

«Сарыарқа» ауданы ТЖ басқармасы.