Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу

11.11.2019 Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу

Бірыңғай жиынтық төлем жалпы соманың төлеміне жатады. Бірыңғай жиынтық төлемді ақшалай немесе банктер және жекелеген банк қызметін көрсететін ұйымдар арқылы төлейді. Ол мемлекеттік корпорацияның банк есеп-шотына төленеді.                                   Бұл 2016 жылдың 26 шілдесіндегі  «Төлемдер және төлемдер жүйесі туралы» ҚР Заңының талабы.  
Бұл орайда көрсетілген ұйымдар бірыңғай жиынтық төлемді оның көлемі бірыңғай жиынтық төлем көлеміне сәйкес келмесе қабылдамайды. Оның көлемі:  
Төлеушінің төлейтін бірыңғай жиынтық төлемінің көлемі: республикалық маңызы бар қалаларда, елордада және облыстық маңызы бар қалаларда 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде  белгіленген;
Ауылды мекендерде - 0,5 АЕК көлемінде.
БЖТ төлеу барысында  айлық есептік көрсеткіш көлемі, республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген   қаржылық  жылдың  көрсеткішмен сәйкес болуы керек.  
Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер өз бетінше төлей алады немесе олардың пайдасы үшін үшінші тұлға төлейді. Бірыңғай жиынтық төлемді жасалып отырған айды көрсетіп, «ММГГГГ» форматында яғни айын, жылын көрсетіп төлейді.
Сонымен қатар ағымдағы және келер айдың төлемін қосып БЖТ төлеуге болады.


Нұр-Сұлтан қаласы
Сарыарқа ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы