Субұрқақтар көктемге дейін "ұйқыға кетті"

Субұрқақтар көктемге дейін "ұйқыға кетті" 24.10.2018

Субұрқақтар көктемге дейін "ұйқыға кетті"


Саябақтағы немесе алаңдағы субұрқақ әрдайым ұқыпты күйде болып, адамдарды қуантып тұруы үшін оған күнделікті күтім жасау жеткіліксіз. Қысқа дайындық секілді белгілі бір маусымдық жұмыстарды орындау қажет. Ал біздің ауданның субұрқақтары көктемге дейін "ұйқыға кетті". "Сарыарқа" ауданында 10 субұрқақ кешеніне қызмет көрсетіледі. Мердігер ұйымдар қысқы консервация деп аталатын дәстүрлі процедураны жүзеге асырды. Онда мамандардың міндетіне су құбырын үрлеп тазарту, сорғы агрегаттарын, прожекторларды, басқа да құрылғыларды демонтаждау, сыртын фанермен қаптау кіреді. Бұл жұмыстар бүкіл қыс бойына төмен температура мен қолайсыз ауа-райынан коммуникация мен конструкцияны қорғау және көктемнен бастап қайтадан тоқтамай жұмыс істеп, бізді қайта қуантуы үшін қажет.



25.02.2020
ANTIKOR ORTALYGY