Көңіл-күйіңіз жоқ па? Онда Есіл жағасына барыңыз!

Көңіл-күйіңіз жоқ па? Онда Есіл жағасына барыңыз! 06.11.2018

Көңіл-күйіңіз жоқ па? Онда Есіл жағасына барыңыз! Шабыт шақыру үшін не істеу керек? Тағы да сол жерге бару керек  Есіл өзенінің жағалауы, welcome !


Жабырқап, мұңайып жүрген барша жанға біз осындай кеңес береміз, өйткені біздің көрнекті орындарымыз әрбір сантимеріне дейін мерекелік атмосферамен безендірілген. Әсіресе, кешкі уақыттарда өте ерекше. Ал сиқырлы сезім қай тұста көбірек сезіледі? Әрине, ол Сарыарқа автокөлік көпірінің артында, төменге қарай жағалаудың жалғасы ретінде орнатылған, ұзындығы 100 метрге жуық болатын, жалтыраған арка. Жыл өткен сайын осы жерде серуендеушілер саны көбеюіне байланысты, арка да ұзара түсуде. Жағалау әрқашан достармен қыдырып, романтикалық кездесу өткізу және отбасымен бірге демалу орны саналып келеді. Өйткені бұл жерге келген адам бақыт дегеннің не екенін терең түсінеді. Бұған арканың сиқырлы шамшырақтары дәлел! 


25.02.2020
ANTIKOR ORTALYGY