Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, "Сарыарқа" ауданының әкімі ауданымызда салынып жатқан білім беру нысандарын тексерді. ⠀

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, "Сарыарқа" ауданының әкімі ауданымызда салынып жатқан білім беру нысандарын тексерді. ⠀ 27.06.2019 ⠀⠀

Аталмыш нысандар бойынша жұмыстарға тапсырыс берушілер:
⠀⠀⠀
I. Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы
⠀⠀⠀
- Т. Бигелдинов көшесінде көру қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақша құрылысы;
- "Көктал-1" тұрғын алабындағы Бабатайұлы көшесі бойындағы 400 орындық жапсарлас құрылысы бар №40 мектепті қайта жаңарту;
- "Көктал-2" тұрғын алабының Құсмұрын көшесіндегі 475 орындық жапсарлас құрылысы бар №68 мектепті қайта жаңарту;
- Кубрин көшесіндегі №60 мектеп-лицейіне қосымша құрылыс салу.
⠀⠀⠀
ІІ. Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы
⠀⠀⠀
- 187 көшесі бойында 800 орындық кәсіптік-техникалық мектеп салу;
- Қарасай батыр көшесі бойында 1200 орындық мектептің құрылысы жобалау сатысында;
- "Агрогородок" тұрғын алабының Оқжетпес көшесіндегі 1200 орындық мектеп.
⠀⠀⠀
Аралаудың қорытындысы бойынша, қала басшылығына ақпарат жіберу жоспарлануда.



Новости 1 - 20 из 354
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец